"Біз есірткіге қарсымыз!"
блог
«Біз есірткіге қарсымыз»
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
«Дені сау баласыз,елдің келешегі жоқ», - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бүгінгі күні «Нашақорлықпен күрес туралы және жасөспірімдердің есірткі қолдануының алдын алу» бағдарламасын жүзеге асырудың қажеттілігі туындады және ол әлеуметтік маңыздылығына ие болуда. Адамдар оның алдында дәрменсіздігін сезіне бастағандай. Дүниені үрей билеген шарасыздың саналы жаратылыс иелерін рухани тұйыққа тірегендей.
Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жындану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар (сандырақтау, қисынсыз әрекеттер жасау), галлюцинациялар (бос қорқыныш, елес көру, дыбыстар есту), ұмытшақтық, қысқаша айтқанда психикалық ауытқулар.
Есірткі химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары. Есірткі грек тілінде-ұйықтау, жансыздандыру деген мағынада. Есірткі – қазіргі қоғам қасіретіне айналып отырған дүние. Есірткі көп адамның дертіне, қалауына айналуда. Бір сәттік рахат – бүкіл өміріңді құрту. Иә, бұны түсініп жатқан жан бар ма?! Нашақорлардың зияны өзімен қоса өзгені өз қатарына қосуы. Міне, осы үлкен мәселе. Бұған кім кінәлі. Өмірге бір-ақ рет келеміз. Сол өміріңді қор қылып, нашақорлықпен өткізуді елестетудің өзі азап. Денсаулығың болмаса, өмір сүріп не керек...
Есірткімен күресті ең алдымен мектеп қабырғасынан бастауымыз керек. Егер бала оның зияны мен азабы туралы хабардар болса, және оның шынымен де өте күрделі, қиын мәселе екендігіне көзін жеткізе білсек, сонда ғана балаларымызды сақтандыра алдық деуімізге болады. Әрине, есірткінің таралу жолына өте қатаң тыйым салу мен жазалау жүйесін қарсы қоюға болады. Бірақ, қоғам мүшелері тұрғысынан сұраныс болған жағдайда, оны тіпті өлім жазасымен де тосқауылдай алмайсың. Демек, ең алдымен сұранысты азайтуымыз керек. Баланы тек үркітіп-қорқытпай, оның саналы түрде есірткіден бас тартуына жағдай жасау керек.
Қазіргі заманда есірткіні жасөспірімдерде қолдануда. Тіпті сұмдық. Ештеңенің мәнісін білмей, сөзге еріп кету және ересектердыің де баланың осал жерін біліп, өзіне тартуы дұрыс әрекет емес.
Есірткіге тәуелділікті жою керек. Оның алдын алып, қолданбау керек. Өсіп келе жатқан жастарымызға дұрыс үлгі болу, жақсылыққа жетелеу біздң міндетіміз. Сол үшін сөзбен де, іспен де дәлелдеп, болашағымызды жарқын етейік.
Біз есірткіге қарсымыз!
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ байқауына
Тулегенова Балхия Сагидуллаевна
Әли Мүсілімов атындағы № 101 мектеп – лицей мұғалімі