Бұзық қыз
блог
- Гүләйым..., Гүләйым дим... Гәкөн!!
- Не ?
- Не деме, ау де!
- Аууу (түрін тыржитып)
- Маған отын әкеліп береғойшы. Аяқ киімімді таппай жатырмын
- Өй қойшы..
- Мен қойшы емеспін, көрші Қонысбек ата ғой қой бағатын (күліп), әкеп берші енді Гәкөн.
- Өзің алып алшы (мұртнын тартып-тартып қойып)
- Не істеп отырсың ол жерде енді
- Көбелектің жаназасын шығарып жатырмыз.
- Құдай сақтасын... не деп отырсың?
Кішкентай етіп төбешік жасап, үстіне ағашты ағашқа байлап «крест» қадап қойыпты.
- Жаңа көбелек өлтіріп ем, соны көміп жатырмын, мазаламашы.
- Қап.... сені ма, мамам келсін, тілді алмайтыныңды бірден айтам.
- Ал мен саған кеше кешке Айбол аға келгенін айтам.
- Сен оны қайдан білесің? (сасқалақтап қалды)
- Мен сендер жолыққан талдың төбесінде аңдып отырдым.
- Ал біздің кездесетінімізді қайдан білдің?
- Хатынан оқыдым.
- Хаты?????? Сен әріпті де дұрыс танымайтын ең ғой?
- Иә көрші Жамал апай мен оның ағасы жазуын дұрыс түсіне алмай... сосын Алтыншаш жеңгеме оқытып алғам?
- Ұят аййййй (беті қызарып) ол кісілер де біліп қойды ма? Қап, сені ма.... сені...- деп аяқ киімін іздестіре бастады
- Тұра тұр... қазір... көбелекке гүл қоя салайын... марқұм жақсы көбелек еді өзі- деп гүлді қойып қаша жөнелді.
Келесі күні:
- Гәкөөөн, сыртқы есікті жаба салшы, жаным.
- О ғойшы, Өзің жауып алшы. Мен өрмекшінің аяғына ота жасап жатырмын, мазалама, әйтпесе науқас ота үстелінде өліп кетеді..(қабағын шытып алып мамасының қас теретін құралымен бірдеңе істеп отыр)
- Әкеме айтамын сені, жаман қыз
- Ал мен Айбол ағаның келгенін айта салам, маған бәрі бір.
- Айтсаң таяқ жейсің.
- Әкеее... әпкем бар ғой ше иә...
- Жап...жап аузыңды... болды өзім жабам есікті қап Құдай ай.
Бұл бұзық қыздың ерте ме жоқ па айтып қоятынын ойлаған Салтанат өзі амалсыздан анасына Айбол туралы айтып берді. Анасынан бір ұрыс естіп алып, көзін көл қылған ол сіңілісінің жанынан өтіп бара жатып «бәрі сен үшін» дегендей ала көзімен атты. Анасының айтқанындай етіп, Айболмен кездеспеуге бел буды.
Бірер күннен кейін:
- Гүләйым, әй Гүләйым... бар көршінің ыдысын апарып бер.
- Апармаймын.
- Таяқ жейсің енді тура...
- Айбол ағаны айтып береееем.
-Бар жүгір айт... айт .... айта бер. Неғып тұрсың айт, бірақ сосын ыдысты апарып бер.
Әпкесінің бұл қылығына түсінбеген бұзық қыз, үндемей ыдысын алды да кете барды.
Келген соң Салтанат оны шақырып алып:
-Неге айтып бермедің мамама, «айтааам» деп кеуіп жатыр едің ғой.
-Е жоға, айтпаймын ғой. Ұят емес пе? Жай сені қорқытайын деген ем...
-Қааап сен қызды ма.... сен үшін ... анама сырымды аша салып ем.. әйй бұзық сіңілім ай- деп ашуланып тұрды да артынша күлімдеп маңдайынан иіскеп қапсыра құшақтап алды.