БұйыРмаҒан БаҚыТ

Я расында өмір қиын....Бірақ шын мәнінде бұл өмір өзіміздің қолымызда.Дегенменде көп қателесетініміз рас.

Менің ең жасын досым Манар.Әрине ол өте сүйкімді,әдемі қыз.Екеуміз 3 жастан дос болдық.Екеуміз бірге ойнаймыз,бірге қыдырамыз,мектепке де бірге барамыз,бірге оқимыз.Толықтай айтқанда жан-жан дос едік.Балалық шағымыз бірег өтті.Бірге балалық шақтың қызығын бөлістік..бірге таяқ жедік.Екеуміз ұрысып та қалатынбыз.Бірақ,оны ұмытып кететінбіз қайтадан кешірім сұрап ойынды жалғастыратынбыз.Ал,кейде кешірім сұрауды да ұмытып кететінбіз күліп біз ұрысып қалып едік қой деп мәз болатынбыз.Түсте ұрыссақ кешке дым білмегендей мәз болып ойнай беретін едік.

Досым өте ерке еді.Жалғыз қызы болатын ата-ананың.Үлкен шаңырақта да тәтті немере қарындас,сіңілі болып көп еркелейтін.Өзі жылауық мен оның жылағанын көріп қызығатын едім.Өйткені оның жылағаны еркелегеніндей сүйкімді болатын.Таң ата салысымен бір-бірімізге барып әбден ойнап кешке бірақ қайтатынбыз.Екеуміз сырлас та едік.Бәрі бізге қызығатын тіпті ұстаздарымызда біз жайлы жиі айтатын...

Шынымды айтсам сол күндерімді қатты сағындым....Мына әңгімемді бар жүрегімді қосып көзіме жас алып жазып отырмын.Досым бөтен үйге көшіп кетті бірақ,бір ауылда едік көше ғана алмасты.Қалай көшті мененде солай суынып кетті.Менің орныма басқа дос тауып алды.Менің орнымды басқамен ауыстырды.Негізі оған итермелеген әжесі еді.Ол кісі Мейірім жақсы қыз емес.. Онымен дос болма-депті.Бұл сөзді маған өзі айтып келді мен қатты ренжедім әжеге не болған дедім.Тіпті қатты жылап алдым.Досымның жоқ кластасым ғана екен ғой Манардың досы Назерке деген қыз еді.Үшеуміз де Бір сыныпта оқимыз.Менен Назерке досын қатты қызғанатын.Мен жолай кетсем Манарды шақырып алатын.Әрине бұл маған өте ауыр тиетін.Неге екені белгісіз Назерке екеумізді көп ұрыстырып қойатын.Я ойдан бір жайттарды құрастыратын.Манар да соған сенетін.Жан досым Назерке дейтін..

Тіпті біздің жан дос емеспіз дегенді естіп ұстаздарымыз қатты таң қалды,сенбеді.Екеумізді қосу үшін быраз тырысты.Амал не ол мені емес Назеркені таңдады.

Қатты қызғанамын рас...Бырақ білдірмейтінміз.Мен бір бірін қуантып жатқан достарды көргенде қатты қызығамын.Жан досымды сағынамын.Шіркін бізде бір-бірімізді қуантып жүрсек екен деймін.Я бұл орындалмас арман ғана.

Менің әлі жан досым жоқ бәлкім бұл маған бұйырмаған бақ болар сірә.Жоқ алде мен бақ құсын ұшырып алдым ба? Қай жерде қателестім Білмеймін?Тіпті ойласам жүрегімнің дыбысы бәсеңдейтіндей.Бұл да таңдырымда жазылған шығар мүмкін.......

Бір білетінім мен жан дос тапқым келеді.



Бөлісу: