Бұрынғы қоқыс алаңы бүгінгі табиғат қорығы

Бұрынғы қоқыс алаңы бүгінгі табиғат қорығы
жеке
блог

Кеңес заманында Владивостоктағы бос шыныларды тастайтын жер қоқыс алаңы саналатын.  Бұл жерге елдің түкпір-түкпірінен бос шыныларды тасып әкелетін. Ал бүгінде қоқыс алаңы әлемнің кереметіне айналды. 

Теңіз суы шыныларды сындарып ұсақ бөліктерге айналдырған, содан жағалау түрлі - түсті әйнектермен көркейіп тұр.  Қазір көптеген туристер күнмен шағылысып жарқыраған теңіз жағалауын тамашалауға келеді, сол себепті де, мемлекет алаңды қорғауға алған. 

Көп жылдардан бері тұрғындар бұл мекенге аяқ баспаған, өйткені шынылардың сынығынан түрлі жарақаттарды алуға болады. Алайда, қазір бұл жер демалыс орталығына айналған жағажай. Біз бүлдірген мекенді табиғат өзі реттеп адамзатқа әсемдік сыйлады деген осы екен.