Бұрымдылар

Қазақ қызының ең басты көркі-бұрымы.Ақындарымыздың өзі ән-жырға қосқанда: "Шаштарын он күн тарап,бес күн өрген",-деп өзге ұлт өкілінің қызы емес,өзіміздің қазақ қызын сипаттайтыны рас.Жалпы,қазақ қыздарының шаш өсіру кезінде ұстанған жолының өзі тұнып тұрған тазалық.Абай атамыздың: "Жұпары алыс жерге мол жететін,қалампыр исі майлап өрген шашы",-деп жырлап өткендей табиғат берген сұлулықты тағдырының еншісі деп,өз табиғатын дала сұлулығымен ұштастырған арулар келбетін айшықтай түсетіні анық.Алайда,қазіргі кезде сипаттап,мақтанатын тілерсегінен түсіп,бұралған қолаң шаштың орнына ирелеңдеген,шолтиған "жылан" шаштылардың қатары көбейіп бара жатыр.Бұған себепті сол баяғы "батысқа еліктеушілікпен" байланыстыруға болады.Бұл-шетелдік сән үлгілерінің сананы жаулап алуы,қазақ қызының психологиясын ғана емес,сыртқы пішініне де әсерін тигізіп жатқанының дәлелі.Түрлі түске боялған шаш үлгілерінің арасынан қазақ қызы мен өзге ұлт өкілдерінің қыздарын айыра алмайтын жағдайға да жетіп қалдық.



Бөлісу: