Көкталдан Еңбекшіге жиі қатынайтынмын (Осы екі ауылдың арасында Әулиеағаш ауылы бар) алайда, осы адам ағыл –тегіл келіп жататын Әулие ағашқа бұрын сонды барып көрмеппін.
Бір күні құрбыларымның аузынан осы ағаш жайында әртүрлі әңгімелер естідім. Содан жолым түсе қалса көрсем деген ой көкейімде жүрген болатын.
Бұндай ағаш әлем бойынша үш мемлекетте ғана бар. Бірі Қытайда , бірі Туркияда, бірі Қазақстанда. Киелі ағаш жетіжүз жыл өмір сүрген деседі. Осы ағашты баптап жүрген күтуші Рая апайдың айтуы бойынша «Бабалары жеті әулие кісі, жаяу қажылыққа кетіп бара жатып, осы араға түнеген. Сол кезде Шамашұрып дейтін әулие баба қолындағы асатаяқты шаншып қойып демалғанда Алланың құдіретімен көктеген ағаш. Айналасындағы ағаштың бәрі оның тамырынан жайылған ұрпақтары. Оларға 65 – 70 жылдай уақыт болып қалған. Оған қоса , ұрпақтар қағбаға қаратылып иіліп тұрады. Діңіне байланған ақ матадан әлде бір атаның бейнесі көрінеді »
Жеті баласы деп аталатын қабаттасып өскен жеті ағаштың түбінде су шығып тұрады екен . Әр ағаштың суының дәмі әр алуан. Су онша тұнық емес, дегенмен, оның емдік қасиеті бар мыс . Бұл қасиеті ағаштан алғаннан кейін үш күнге жарайды.
Ағаштың маңында ұшып жүрген ерекше ақ басты қарғаларды байқадым (құдды бастарына ақ орамал байлап алғандай), ең қызығы ол қарғалар қоршаудан аспайды екен.
«Бұл ағаштың иесі Бүркіт пен Жылан. Олар адамның мыңнан біріне ғана көрінеді. Оң аяқпен аттап кірмесең немесе шүперек байламасаң, әйелдер мен еркектер (балалардан басқасы) бас киімсіз кіретін болса олар қатты ызаланып кесірлерін тигізеді» дейді ауылдың жергілікті тұрғындары.
Сонымен қатар, Рая апа маған тағы бір оқиғаны айтып берді:
«Жасыл елге кірген жылы осында(бұл шара осы ағаштың негізінде өткізілген) бір топ жастар келді, әндерін қосып, би билеп, шеру өткізді. Сол күні облысты бастап келген адамдар отырған көлік дол апатына ұшрап ішіндегілер қаза тапты. Және бір жағдай жеті адам келіп (сақалды, орамалды) ағашты деуіп, балағаттап, білгендерін істеді, оларды әзер шығардық, сонымен дәл алдыңғы оқиға болған жерді оларда жол апатына ұшырап, қаза болыпты». Емдік қасиеті бар, иесі бар, киесі бар, Әзіз бар, Гүлбарғайып бар, Мүбәрәк бар десті өзге кісілер
Ағаштың ауласына үйсін руынан шыққан әулие батыр Қойшбекұлы Мыңбатыр деген кісінің тасы орнатылған. Ол тастың ағашқа қатысын сол бойымен түсінбедім. Тек сөзінің соңында Рая апай «Мақсат ағашқа табыну емес, Алланың құдіретін көріп, тілек тілеу» деп айтып өтті. Мен ағашқа барған күні Алматыдан екі қария келіп құдай тамақ таратып, осы жерге қонып, құран бағыштап, қайтқалы жатыр екен. Ағаштың жанында шағын мешіт те бар, бұл дүниелер Рая апайдың соңғы сөздердін дәлелдей түсті. Бұл ағаштың қандайда бір күшке ие немесе бос дүние екендігін ешкім дәлелдей қоймады. Алайда, сан алуан оқиғалар шындыққа жанасатындай көрінді, маған.
Дана Русланқызы