Бүркеншік ат жақсы ма, жаман ба?

Бүркеншік ат жайлы түсінік берудің өзі басы артық шаруа. Бүгінгі күнде әрбір ғаламтор қолданушысында кем дегенде 2 немесе 3 бүркеншік аккаунт бар. Бұл мәселе қытайда өте кең етек алған. Қытай ғаламтор қолданушылары өзінің шынайы аттарын ғаламтор бетіне мүлде қолданбайды. Бүркеншік ат адамдарға не үшін керек деген сұраққа назар аударып көрейік.

Біріншіден, өзінің ат-атағына шіркеу келтірмеу үшін;

Екіншіден, өзінің шын ныпсысымен айта алмайтын пікірді айту үшін;

Үшіншіден, өзі таныс адамдардың көңілін қалдырмау үшін;

Төртіншіден, қоғамдық пікір тудыру үшін;

Бесіншіден, белгілі бір тақырыпты өтімді, талқыланып жатқандай етіп көрсету үшін.

Мұнан басқа саяси, діни тұрғыдан да ғаламторда өтірік, бүркеншік атпен жалған ақпарат, арандатушылық сипаттағы дүниелерді тарату үшін қолданады.

Бүркеншік аттың иесін анықтауға бола ма?

Әрине болады. Бүркеншік атпен жазылған посттар немесе пікірлерді сол жазба түскен сайттың не әлеуметтік желінің иесіне анықтау қиын емес. Әрбір компьютерде бір IP мекен-жай болады. Сайттың иесіне сол жазбаны(пікірді) қосқан адамның аты өзгергенімен, IP адресі өзгермей көрінеді. Осылайша, оны анықтап алу да қиын болмайды.

Сондықтан, ғаламторда пікір жазу немесе жазба жазу мәдениетін қалыптастырып, тек өз көзқарасымызға ғана өкілдік ететін ғаламтордағы тұлғаны тіктеу маңызды мәселе.

 



Бөлісу: