Бүркеншек атпен жазғандарым!

Бүркеншек атпен жазғандарым!
жеке
блог

Талихаддин Махмолла-Тал-хад  Махмолла-Халықтың әкесі

Мен түкірімпаз адаммын.

Мен бір айтқанымды, екінші рет айтпаймын,
Маңдайым тасқа тимей, дегенімнен қайтпаймын.
Тасқа соқсам да, ешқашан жыламаймын,
Маған аяушылық білдіргендер, ұнамайды.


Мен сендердің аяушылықтарыңа түкіргенім бар,
Қалай ғана түсінбейсіңдер, ей адамдар.
Сол үшін де жаныма кір қолдарыңды сұқпаңдар,
Иә-иә, сұрамаған жерге, саусақтарыңды тықпаңдар.

Неге,мені жайыма қалдырмайсыңдар,
Түбі тесіліп қалған шелектей,салдырлайсыңдар,
Қыздар,мені не үшін,сүйесіңдер?
Сүймеңдер,бостан босқа күйесіңдер.

Өйткені менің сендердің махаббаттарыңа,түкіргенім бар.
Шыбын сияқты,үймелемеңдерші,қыздар.
Менің жүрегімде махаббатқа орын болмайды,
Бір күннен артық,ешкімді,сүйе алмайды!



 Мен өзгерісті талап етемін!

Мен және мен сяқтылар,
аздап болса да ұяты бар.
Айтамыз,"тоқтат"деп
болды,жетеді,құтыласың,соттап тек.
Енді,бұлайша өмір сүруге болмайды,
істеп жатқандарың,көңілге қонбайды.
Бәрі жақсы деп,тек жолдау жолдайды!

Сен және сен сяқтылар,
тағы да басқа,мүйізді ,тұяқтылар.
Әрине,тоқтамайсыңдар,
Біз,өліп қалсақ та,жоқтамайсыңдар
Алдаумен өтті өмірің,
іздедің оңай,жеңілін.
Қаласың бәрібір жеңіліп!


 Ой-пікірім.


 

 Мені, ой-пікірім үшін,сындырмақшы болдыңдар,
бірақ мен,сынбадым,менікі дұрыс деуден,тынбадым.
Сендердің де айтқандарыңды,тыңдадым,
қорқыттыңдар,бірақ қыңбадым,сындырмайды сағымды,
ұрғаның!
Тұр қане!


Мені,ой-пікірім үшін,аластаттыңдар елден,
қорықтыңдар,адамдардан,артымнан ерген.
Жарайды,ешкімде мәңгі тұрмайды,
күте тұрамыз,жер кең!

Мені,ой пікірім үшін,жамандадыңдар қатты,
біреу сенді,біреу сенбеді,қорқақтар дұрыс,жөн деді,
біразы,қайтесің,көн деді,ал көпшілігінің сенімі,емдеді,
жұмыстан шығардың,жеңгені,қызметтен алдың жездені,
сезгенмін!
Бәрібір жеңбедің!


Ауыруханада.



 
Көрер көзге,сыртым бүтін,
ішім,түтін-түтін.
Шарап болар ма еді,ех!
тым болмаса ,бір жұтым.

Ішкенім дәрі,жегенімде дәрі,
ал көңілім,әрі-сәрі.
Жалығып кеттім,жалпы,
Құрып кетсінші бәрі.

Жат та сіңбірін,не істейсің басқа?
жылай да алмайсың,шықпайды,жас та!
Құйрықтан түк жоқ,инемен шаншып,
Тәбетте қашқан,батпайды,ас та.