Буракпен мен де суретке түстім

Буракпен мен де суретке түстім
жеке
блог

Атақты түрік актерінің біздің елге келетіні туралы шамамен 2-3 апта бұрын естіген едім. Сәті түсіп, Бурак мырзамен кездесуге мен де келдім. Келген бойда айналамдағы атмосфераны көріп, талып қала жаздадым. Ол ол ма, қыздардың «Бурак! Бурак! ААААаааа, Бурак», «Аааа, плиз уан фото, плиз, Бурак, лав ю» деген сындың айқай-шуынан құлақтан қалып, керең болып қала жаздадым. Кішкентай қыздардан бастап, 2-3 немереге тойдан кәмпит әкеп беретін әжейлерге дейін барлығы жүр. Ер азаматтар мүлдем жоқ. Келсе, қыздарын қыдыртып келгендер, сюжет түсіріп және мына шулағандардың тыныштандырып жатқан жұмыс басты ер азаматтар. Абырой болғанда, кинозалға өтіп, аман қалдым.

«Ask sana benzer» фильмін елмен бірге тамашаладық. Түрік тілінде болған кино орыс тілінде субтитрлармен көрсетілді. Әдемі махаббат хикаясы, басты кейіпкерлердің жеке басының оқиғасы, керемет табиғат, әсем дауыс, жан тербетер жылы сөздер. Бірақ, сондай жақсы басталған махаббат оқиғасы трагедиямен аяқталды. Орта жолда басты кейіпкер Алидің (Бурак Озчивит) өмірден өтеді. БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенде Бурак мырза: «Хикая авторы мен едім. Кино түсіру барысында маған көмекке сценарист, режиссер т.с.с. кино мамандары келді. Оқиға аяғы әу баста басқа еді. Кейін өзгертілді» деп айтты.

(c) Mariya Gorbokonenko

Фильмдегі әріптесі Фахрие Эвджен екеуі бүгінде Түркияның ең танымал кино актерлері. Сұранысқа ие болғандықтан, екеуі жарнамалық бейнероликтерге, қайырымдылық жобаларға, мемлекеттік шараларға белсене қатысуда. Олардың танымалдылығы 2013-2014 жж. жаңаша түсірілген атақты «Calakusu» фильмінен кейін артқан еді. Екеуі атақты ғашықтар Феридэ мен Кямранды сомдаған. Түсірілім барысында олардың арасында достықтан өзге сезім пайда болып, тіпті. Бурак қалыңдығы Джейлан Чапамен байланысын үзеді. Сол кездің өзінде-ақ, Фахрие мен Бурак қыз бен жігіт болып кездесіп жүр деген сыбыстар тарай бастады. Біраз уақытқа дейін бұл сыбыстарды жоққа шығарған екеуі Түркияда жаңа фильмнің тұсау кесер кешінде ел арасындағы сөздің дұрыс екенін растады. Алайда, БАҚ өкілдеріне екеуі де «Жеке бас мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап бермейміз» деп талап қоюда. Әрине, ол екеуінің шешімі. Екі жастың қуанышына мен де ортақпын. «Фахрие ханым біздің елге неліктен келмеді?!» деген сұрағыма Бурак мырза: «Бірталай жұмысынан шыға алмаған соң, келе алмады. Бірақ, оған осы елде болған премьера жайлы айтып беремін» деп қалды. Біз де «Сәлем айтыңыз. Келесі жолы бірге келіңіздер» деп қалдық.

Сондай-ақ, Бурак Озчивит өткен жылы ата кәсіпті жалғастырып, Стамбулда «Балибей-донер» дәмханасын ашқан еді. «Не көп донерханасы көп Алматыда болашақта «Балибей-донер» дәмханасын ашуға қалай қарайсыз?!» дегенімде ол «Әзірге актерлік жұмысты атқарудамын. Болашақта, бәлкім, ашып та қалармын» деп жауап берді.

Журналисттерге бар-жоғы 15-20 минуттай ғана көңіл бөлген қадірлі қонақ кетуге жиналғанда онымен сельфи жасап жіберген едім. Ертесі күні қарасам «Вконтакте» желісіндегі фан-топтарда кәдімгідей «Звезда» боп жүрмін ғой) Жоғарыдағы сурет айтқандай сол топтардың бірінен алынған.

P.S. Баршаңызға жаңаша шыққан «Чалакушу» сериалын көруге кеңес беремін! Өкінбейсіздер)