Бурабайға саяхат
блог
Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Басқа жер ойды ондай тербетпейді.
Бурабайдың көлі мен Көкшетауды
Көрмесең, көкіректен шер кетпейді.
-деп,Мағжан Жұмабаев атамыз Қазақстанның әсем жерлерінің бірі - Бурабайды жырлаған. Бурабай - Қазақстанда ғана емес ТМД елдеріне танымал мекен. Қазақстанның бірінен-бірі әдемілігімен асып түсер кең жерлері баршылық. Әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Бурабайға саяхаттаған туристтердің айтуынша, көрген сұлулықтарын айтып жеткізу мүмін емес. Ең бірінші, биік таулары көзге түседі десті. Түрлі әдеби шығармаларға арқау болған бұл мекен кімді болсын қызықтырары сөзсіз.
Бурабайдың ауасы дертке шипа деп бекер айтпаған. Тыныс алу жолдарын реттеуге арналған таптырмас жер. Мұнда емделушілерге арналған арнайы күнтізбе қойылған. Таңғы таза ауада серуендеумен басталып, жаттығуды міндетті түрде жасайды. Спортпен шұғылданып болған соң, керекті процедураларды қабылдайды. Шипажайда емделушілердің айтуынша, барлығы керемет, бір келген адам қайта-қайта келгісі келетіндіктері жайлы ой бөліскен болатын. Тағы бір ерекшелігі - диеталық тағамдармен тамақтандыру. Алғашқы күндері қиынға соққанымен, денсаулыққа пайдалы. Әрбір ем алушыға арнайы тағамдар ұсынылады. Бурабай көлі - Көкшетауда орналасқан дөңгелек пішінді көл. Бурабайдың суы - мөп-мөлдір,таза.
Аңызға айналған, ел аузындағы "Жұмбақтас" жайлы қалайша ұмытпақпыз? Тарихта түрлі ойландыратын аңыздарымыз бар емес пе? Халқымызда ауыздан-ауызға тараған осы жер туралы әртүрлі аңыздар бар. Жұмбақтастың бейнесі сұлу қыздың көрінісіне немесе кемпірдің түріне ұқсас әсер қалдырады. Аңызға сүйенер болсақ, қалмақтың сұлу қызының құлаған орны тап осы жер екен. Тығырыққа тірелген қалмақ қызының өмірімен байланысты болса керек. Қыз биіктен суға құлағаннан кейін, белгісіз - Жұмбақтас шығады. Осы себептермен, бұл жер - Жұмбақтас аталды.
Бурабайдағы орман іші жайлы ауыз толтырып айтуға болады. Нағыз үлкен әрі мықты қайыңдар орналасқан. Мақтанышпен айтар жерлері көп. Сондықтан болар, демалушылар саны өте көп. "Бурабайдағы демалыс неге қымбат?" атты әлеуметтік желідегі сауалнамада демалушылардың кейбірі біздің демалыс үшін баға тиімді десе, енді кейбірінің көңілі тола қоймаған еді. Енді бірі-Бурабай демалыс орындар ішіндегі қымбат жер деп жауап қайтарды.