Жайсыздыққа көңілім байланғалы ,
Өр көңілдің өзінше тырмысқаны-ай ,
Тағдыр ғұмыр илеуге айналғалы ,
Тірлік кешіп келемін құмырсқадай
*
Жаутандаған жұлдызға ай ғұмырым,
Құшағына бөлеген алып түнді
Теңіз тағдыр ,
Толқындай қайырылымын кім
Жүзіп келем елекпіп балықсынды ,
*
Өмір деген- асуда қолдарым кім ,
Арман атты шыққанда сахнаға
Қарағым-ақ келеді жолдарымның,
Алдына да бұрылып ,артына да …
*
Тым кішкене ғұмырда бас бармақтай
Жарар еді-ау кеудемде көктем гүлін
Мекеніне оралған қасқалдақтай ,
Мекеніме оралса өткен күнім…
*
Бұлдыр болса өмірдің әр ақ таңы ,
Өкінішімді қайтейін айтып анық...
Шарбатынды сезейін шараптағы ,
Тағдырымнан есемді қайтып алып...
ДН