Бұлайда нан табуға болады.

Бұлайда нан табуға болады.
жеке
блог

Биылғы,Алматының қоңырқай күзі,бұрынғыдан мүлде,ерек. Өне-бойыңа жылылық есетін ауа райы да өте тартымды...

Бүгін,қазан айының 23-і,сәрсенбінің сәтті күні. Таңғы ұйқымнан ерте ояндым. Жуынып-шайынып,киініп,таңғы ас ішем дегенше, сабақ басталар уақыт та таяп қалды. Асығып- үсігіп жүріп келем...

Таңғы ауа райы,қандай ғажап. Құстар да шиық-шиық етіп ән салып жүрсе,тиындар ендігі жұмысына кірісіп кеткен,тек әлі де маужырап,ұйқысын аща алмай  келе жатқан адамдар ғана...

Несі керек,бүгінгі күнгі уақыт зуылдай жөнелді. Университетке кіргенімнен,шыққаным тез болды...

Түс мезгілінен ауған шақ...

Тысқа шықтымда,сағатыма қарадым. Уақыт тілі, 14:30-ға таяған сәт екен.

Аялдамаға қарай жол тарттым. Сөйтіп,бүгінгі күнімді қала аралаумен өткіздім. Алып қалаға,алып аспаннан,нұрын төккен күн анада,өз ұясына жақындай түскен кез.

Кеш... 

Автобус ішінде қаумалаған көпшілікпен бірге тығылысып мен де келемін. Автобус тоқтады. Сөйтіп мен де көппен бірге, ҚазҰУ аялдамасынан түсіп қалдым. Артыма қарасам, қаумалаған жұртшылық. Ойымды қызығушылық кернеп,бұл не болды екен,-деп мен де бір топ адамдар арасына жүйткей кірдім...

Қарасам,басында шляпасы бар,үстінде әдеміше  өрнектермен өрнектелген костюмі,аяғында жылтыр аяқ-киімі бар,жасы 40 -тар шамасындағы, бейтаныс кісі қолындағы саксафонымен (музыкалық аспап) ән шырқап тұр екен. Жұрттың көбі әлгінің  өнеріне таңғалғаны соншалық,оның алдына теңгелерді аямай тастау да. Мен де,жұртпен таласып,теңге тастадым...

Бәрі де шаттық көңіл күйге бөленген. Талант йесі де,өз өнерін бір ғажайып ләзатты сезіне шырқауда...

(Бұлай да,ақша табуға болады)...

Тұра берсем,таң атпақ түрі бар. Талантқа басымды идім де,қасынан өтіп кете бардым...