....Түс....
.... Шырыл....
Ұйқыдан оянып түсімде не көрдім деп өз-өзін қинап әзер дегенде есіне түсірді ау. Көрген түсі қызық болса керек, жымиып күліп қойды. Жуынып, шайынып, таңғы шайын асығып үсігіп ішіп оқуға жиналды. Кеше кеш жатқасын ба, қанша жуынып шайынсада ұйқысы ашылмады. Үйден шығарда анасы:
- балам үйде қоқыс толып қалыпты жолшыбай лақтырып кетші құлыным деді.
Баласы ұйқылы ояу басын изеді. Анасымен қоштасып шығып кетті. Баспалдақтан түсіп келе жатып дәлізде үйіліп жатқан қоқысты көрді. Көрді, бірақ еш мән бермей қасынан өтіп кете барды. Далаға шықты, жақын жерде тұрсада оған алыс болып көрінген қоқыс жәшігін көрді. Бойын жалқаулық басып барсам ба, бармасам ба деп бірер сәт ойланды және жаңағы подъездде үйіліп жатқан қоқыс есіне түсті. «Жұрт қоқысты кез келген жерге лақтырғанда мен лақтыра алмаймын ба екем және оқуға кешігіп бара жатырмын» деп өз-өзін жұбатты. Жан-жағына көз тастап еді ешкімді байқамады. Бала тұрған жеріне қоқысты қойды да тез тез жүріп ғайып болды.
Анасының сәлден сон жұмысқа шығып келе жатып :
- Бұлар кімдер? Неге тазалыққа немқұрайлы қарайды екен!? –деген сөзін естімеді, көрмеді.
Бала оқудан келе жатып, жолға тастап кеткен қоқыстың жоқ екенің көріп, аула тазалаушылар жинап алған болар деп ойлады. Бірақ ол анасының жұмысқа шығып бара жатып подъезде шашылып жатқан және жол жетегінде жатқан қоқысты да апарып өз орнына лақтырғанын білмеді....