Бұл пост - ерекше емес, тек жанымның ауырғанын айтқым келген...

Кейде мен ойлаймын:"Адам өзінің бойындағы сезімді білдірмеу керек, оларды жария етпеу керек. Себебі ол сенің жеке өмірің. Ал сенің өмірің сенен өзге ешкімді қызытырмайды" - деп. Алайда, кей кездерде ішіңе сыймай кететін нәрселер болады. Жарылардай сезім. Құдды бір сол сезім сені бір күні жарып жіберетін секілді. Мен ешкімнен ешнәрсе жасырмауға тырысамын, білесіз бе?! Себебі, ол адамды жегідей жеп өлтіретін секілді. Бірақ өкінетін кездерің де аз болмайды. Сырыңды кім-көрінгенге айта беруге де болмайды екен. Себебі, сенің ағыңнан жарылғаның, құмға құйған су секілді. Алдымен сіңіп кетсе, кейін кеуіп кетеді. Соңғы кездері құпия-сырларым көбейіп кеткен секілді. Сол үшін соңғы кездері жүзімде жиі мұң пайда болады...

 Өмір сүру қиын. Әке-шешең жаныңда болса, ешқандай уайым болмайды екен. Сосын, махаббат – ұлы сезім. Ұмытпаңдаршы, соны!  Ал достық – одан да ұлы. Осы екі сезімді біріктіріп, байлап тұратын – сыйластық. Ей, әлем, мені тыңдашы! Сыйластық болмаса, құрыдым де. Сыйластықсыз мына үлкен ғаламға сыймасың. Тек сыйласа білші. Әсіресе, достар арасындағы сыйластық құрыса, өкінішті. Бұл достықты түп-төркінімен, күлін де қалдырмай жоқ қылып жібереді. Сенің осыдан кейінгі жасаған жақсылықтарың ауадағы бу секілді. Қажет, бірақ байқалмайды. Қолданады, бірақ елемейді. Білесің бе?! Иә, тап солай.

Сіз екі көйлекті таңдағанда қатты қиналуыңыз мүмкін. Екеуі де ұнайды, бірақ қайсысын аларыңды білмейсің. Бірақ бұл тірі жанға қатысты болса, мүлде шешімі жоқ, ауыр сезім. Себебі, екі көйлекті де қолыңда ақша болса, аласың бір күні. Ал тірі жанды, адамды – олай таңдай алмайсың. Мұң. Толғаныс. Күрсіну...

Сіз білсеіз бе, менің жаным ауырады. Бірақ осыны оқып отырған бірде-бір адамға менің өмірім қызық емес... 



Бөлісу: