Бұл өмірде нені ақшаға сатып алуға болмайды?
Қазіргі жиырма бірінші заманда әрбір заттың құны бар секілді.Жүріп-тұруың,ішкен-жеген тамағың,киген-мінгенің, әрине, ақшаға сатып алынып жатқан заттар."Ақша-қолдың кірі" деп жатады,бірақ сол кір үшін жұмысшылырдың тең жартысынан астамы қолынан келгенінше еңбектеніп жүр.Тақырыптан алыстамай ,"бұл өмірде ненің құны ақшамен өлшенбейді?" деген сұраққа аз да болса жауап:адамның сезім мүшелері.
Бәріне бірдей беріле бермейтін -батылдық,қайсар,өжет мінезділік. Кейбір адамдардың бойында бұл қасиет өзгелерге қарағанда аз беріледі. Батылдық қасиет ешбір дүкенде сатып алынбайды.
Екінші-мейірімділік, өзгелерге қамқорлық көрсете білу.
Үшінші-достарыңның санын арттыратұғын адалдық. Досқа адал болмасаң,достарың сені керек қылмас.
Ал адалдықты сен сатып ала аласың ба?
Бесіншіден, әзілқойлық. Әзіл айта білу де,адамды күлдіре білу де барша адамға беріле бермейтін өнер.
Алтыншы-еске сақтау қабілеті. Еске сақтау қабілетіңді арттыруыңа болатын да шығар,ол үшін жаттығу қажет. Бірақ, кейбір адамға бұл қасиет тума дарындылықпен келген.
Киелі сан жетінші-ата-ана жылуы. Ата-анаң сыйлаған сыйды, өзгеден сезіне алмас қамқорлығын, аяулы құшағын, ерекше жылу сезімін өз ата-анаңнан басқа ешбір адам сыйлай алмас.
Сегізінші - уақыт. Уақытты қанша кері жүргізем, балалық шаққа жол тартам десең де, бұл қолдан келмес дүние.
Тоғызыншы-әншілік қабілет. Зор дауыс ырғағы- туа біткен дарындылық, қалғаны әншіліктің жанында жүрген қызығушылық дауыстар.
Оныншы-пәк,таза,шынайы махаббат сезімі. Ал шынайы сезімді қалаған адамыңнан сатап алу мүмкін емес дүние!