Бұл менің алғашқы жазбам. Жылы қабылдауларынызды сұраймын.
блог
Менің философиям
І. Мен жалғыз қалғанды жақсы көрем. Жалғыз қалғанда жақсырақ ойланасың. Психология тұрғысынан тым көп ойлануға болмайды. Бірақ ойланғанға не жетсін,Ойдың түбіне жеткен жан бар ма екен?деген сұрақ мазалайды. Жаның жаралы болғанда оңашада жылап та алуға болады. Мұның артықшылығы сені ешкім мазаламайды. Және ешкім сұрақ қоймайды.
ІІ. Дүние дөңгелек екені бәрімізге аян. Бірақ оны кей кездерде ұмытып кететініміз де құпия емес.Егер біреуге бір жамандық жасасаң әрдайым алдыңа қайтып оралады. Сол кездерде құдайым маған осылай жасайтындай мен не істеп қойдым деп арызданатынымыз да өтірік емес. Арызданбас бұрын бұл менің күнәларымның өтеуі деп қабылдау керек
ІІІ. Мені біреудің билеп төстеуін, сонымен қатар біреуге билік жүргізгенді жек көрем.Сондағы айтпағым бейтарап болғанды жөн көрем. Және бір айтарым тым топас адамдарды жек көрем.Ондай адамдарға санасында ештеме жоқ, ойлануға қабілетсіз адамдарды жатқызуға болады. Өмірде өзіне не керек екенін білмейтін алдына еш мақсат қоймаған жандар мағынасыз өмір сүріп жатқан жандар деп ойлаймын.