"Бұл - махаббат!"
блог
«Тойдың боларынан боладысы қызық» дегендей, тойдағы қызықты сәттерді, ұмытылмас кездерді мәңгілікке есте сақтағымыз келеді. Осындай кезде естелікке жасалған фотосуреттер тәтті сәттердің ғұмырын ұзартып жатады.
Белгілі визажист Ирина Хабер мен фотограф Андрей Хамицевич бірлесіп «Бұл махаббат» WEDDING PHOTOSHOOT 2017 авторлық фотокөрмесін өткізді. Фотосессияға 4 ай уақыт кетті. Алматының көрікті мекендерінде өткізілген фотосессияға белгілі әншілер мен журналисттер қатысты.
"Sky Bar" алаңында өткен «Бұл - махаббат!» фотокөрмесінің тұсау кесер кешінде отбасын құруға ниетті екі жастың некесі қиылды. Тойдың сәнін келтірер ән орындалып, би биленді. Кешке келген қонақтар "Fotolibri.kz" фотокітап фабрикасынан сыйлықтар алып, естелікке фотосуретке түсіп жатты.
Фотографтың қолынан небір фотосуреттер шығады. Олардың әрқайсысы өзінше ыстық. Фотосуреттер арқылы қуанышты кездермен бөлісіп, отбасылық тарихи сәттерді келешек ұрпаққа мирас етіп қалдыруға болады. Бақытты сәттеріміз көп болғай!
Фотосуреттер Андрей Хамицевич түсірді