14 қараша, сенбі күні Массагет тілшісі Әсел Асанованың туған күн кеші өтті, - деп хабарлайды... ауру қалса да, әдет қалмайды екен xD.
Расында, бұл кеш өте қызықты әрі ерекше өтті. Ақтоты екеуміз белгіленген уақытта (!!) келіп, дастарқан жайысуға көмектестік. Әкелген сыйлықтарымызды тығып, бір-бірімізге көз қысып, күліп жүрміз :)
Алғашқы қонақтар да келіп қалды - Әселдің Бейнеулік (менің нағашы ауылым, между прочим) құрбылары келіп, құшақтап, құттықтап жатты. Бұл көріністі мен алыстан бақылап, ауылды сағынғанымды сездім. Көз алдыма Самның құмы мен нағашыларымның күліп-ойнап, нар үстінде ет жеп отырғаны елестеп кетті. Дәл осы сәтте мені терең ойдан Әселдің туған сіңлісі Кәмшаттың сыңғырлаған дауысы суырып алып, шықты. Мен бұл қыздармен танысқаныма өте қуанышты едім :)
Қағаз майлықтарды өзімше әдемілеп қойғым келіп еді, қиялым жетпей, екі бүктеп, үстіне шанышқы, қасықты орналастырдым.
Бір жыл бір кеңседе отырып, шай ішкен әріптестерім ақырындап келіп жатты. "Қазақша ұмытып қалмадың ба?" дегендей қарап қояды маған. :) Ақтотының тығып әкелген тәтті тортының үстіне свечкаларды қойып, жағып құттықтау әнімен сүйемелдеп, Әселді құттықтадық. Үстел басындағы тәттінің бәрі Гүлжанар (Жапырақ), Әсел, Мақпал мен Ақтотының өнері :)
Қыздар билеп жатса, жігіттер түпкі бөлмедегі плэстэйшнге қашып, тығылып отырды.
Қызықтың бәрі "тосттан" басталды. Әрбір тілек айтқан адам сөзін аяқтаған соң Ақтоты мен Жапырақ дайындаған қорқынышты тапсырмаларды орындауы керек еді. Біріне "осы кафенің иесімен селфи жасау" болса, басқасына "сусындарды араластырып, ішу" түссе керек :)
Анықтама үшін: Кеш барысында Жасұлан аман қалды :)
Менің жарам жеңіл - тапсырма бойынша мен сол кеш туралы блог жазуым керек болды.
Айторғын атты жерлесіме "қонақтардың бетінен сүйіп шығу" деген тапсырма түсті. Бәріміз мәз болдық-ау :) Жігіттерді айналып өтіп, қыздарды екі бетінен сүйіп шықты. Неге десеңіз, кеште жиналған жігіттер бойдақ емес еді, Айторғын бағын сынамауды шешкен болар ;)
Пицца мен суши келгенде, антракты бітіп, келесі отырыс басталды. Билеп шаршаған қонақтар үстел басына қайта оралып, қызықты әңгіме бастап, ойын-күлкіні жалғастырды.
Өз басым, әріптестерімді көріп, жерлестеріммен танысып, Әселдің 20 жасқа толуында жанында болғаныма қуандым. Әсел, енді тек 18-ге ғана тола бер! Саған тағы да (әлгі қағаздағы) әйел бақытын тілегім келеді! Денің сау болсын, өзіңді күт, өзіңді жақсы көр, өзіңе қамқор бол! Біз сені жақсы көреміз!
Келесі кештерде кездескенше, аман жүріңіз, ағайын!:)