Бұл біздің жеңісіміз!
блог
Кеше ғаламтор бетінен Ильиннің жеңісіне арналған мынадай жыр жолдарын кезіктірдім. Өкінішке қарай, авторын біле алмадым. Бірақ, өлең қатты ұнады, шын жүрегімен қуанған көңілден шыққаны көрініп тұр. Содан блогыма жазып қойғам, сіздер де оқи отырыңыздар. ))
Алтыныңды қанжығаға бөктерiп!
Көк туыңды жатыр Ұлың көкке iлiп!
Ильин бугiн орындады уәдесiн.
'АЛТЫН АЛАМ, ТАРТЫП АЛАМ' деп келiп.
Қазақ, сенiң расында да зор бағың!
Жолбарысты жан-жарысқа жолдадың!
Сен бiлдiң бе, бiр орыстың баласы,
Бiр күндерi намысыңды қорғарын?!
Мойындаймыз бiз осындай мықты ұлды.
Ол ҚАЗАҚтың кiм екенiн ұқтырды.
ИЛЬЯНЫҢ төбе шашы секiлдi,
Бүкiл әлем, аяғынан тiк тұрды!
Артынша Нұрлан Қамашев деген бауырымыз мынадай жыр жолдарымен жауап жазыпты, бұл да өте ұнады:
Асқақтатып Қазағымның көк туын,
аз болса да байқататын көптігін
Ильиндерің азамат қой, азамат
Кешегі өткен Қажымұқан, Шолақтың
білдірмеген Қазағыма жоқтығын!