Бұл бір болған "Бір түрлі" оқиға

Өткенде кітап алуға дәмханаға барғанмын, "Айнұр Тұрсынбаеваның твиттерге жазғандары" деген су жаңа кітапты бақандай жүүүүз теңгеге сатып алдым."Неге соншама қымбат? ", - деп даяшыларға айқайлап  жатырмын, содан не керек олардың директорлары - еден жуатын апай келіп: "Айқайлағаның үшін..." - деп маған 1000 теңге сыйақы берді. Мен болсам 1000 теңгеге бола  бұртиып, "аз ғой мынау" деп қанағаттанбай әрең шықтым-ау сол жерден.

Ертеңіне базарға бардым. Базарды мың рет аралып, әзер дегенде мата сататын жерден 1000 теңгеме 10 дана ("дана" дегеннің орысшасы - штук) дирол сағыз сатып алдым. Тапқаныма қуанып, өміріме мәз болып үйге қайттым.

Бүгін бізде емтихан. Оқытушылар студенттердің алдында зыр жүгіріп жүр. Бізге алдын ала билеттерді берді, біз болсақ алмадық. Жауабымен қоса берді, оны да алмадық. Ал емтиханда отырғанда шпор қарауға да рұқсат берді, біз болсақ ол мүмкіндікті де пайдаланбадық. Мұғалімдердің шыдамдары таусылып, бәрімізге "5" қойып беретін болды. Ал біз болсақ жылап жүрміз, "неге үш қоймайсыз?" деп...

Үйге шаршап келдім де, ыстық кофеге жұмытрқа қосып ішіп алдым. Кешегі ыстықтан тамағыма суық тиген сияқты, кешкісін оянарда мұз қосылған сүт ішіп тұрдым...

...Бүгін бізде "жаңа жыл"! Бәріміз қазақы киім киіп алып, "наурыз" тойын, біздің жаңа жылымызды тойладық. Әжелер бар тәтті-дәмдісін немерелеріне аямай, тойғанша жегізіп жатыр. Қазанда "наурыз көже" бұрқылдап қайнап жатыр. Алтыбақан теуіп, көкпар шауып, тұлпарларын бәйгеге қосып, гір тасын көтеруден жарысып, жалпы айтқанда бұл күні қазақ даласында думан, үлкен той болып жатты.

Ал "бір түрлі" адамдар болса жасыл шыршаны айналып (тірі шырша болса бір сәрі, өлі шырша ғой ), өтірік сақал-мұрт қойып алған, "тақпақ айтқан балаға, сыйлығымды беремін" деп балаларды алдап (негізі ата-аналардікі дұрыс емес, сол "аяз ата" тегін сыйлық таратпайды ғой), оларды қияли ертектеріне сендіріп, дастархандарына шарап қойып, тойда тіпті қазада жиналмаған бастарын осы "жаңа жылда" жинап, тура 00:00 болғанда от шашу атып, аспанды әдемілеймін деп ластап, жазықсыз көкті көк түтінге орап, "жаң жыл" деп "рождествоны" тойлайды. Ертеңіне шаршау, ұйқы, өзің де мас, көңіл де мас. Ал балалар болса... балаларды аяймын, олар "жаңа жыл" мерекесі біткенс соң 1 жыл бойы сыйлық үлестірір "аяз атаны" күтумен болады.

Мен "жаңа жылды" жек көремін яғни "рождествоны". Себебі бір жыл өткен сайын есейіп бара жатырмын, 1 жылға қартайып барамын. Біздің үйде, шыны керек, "жаңа жылды " өлі болсын, пластмсса шыршамен болсын қарсы алмаппыз. Мен "бір түрлімін" бе? Жоқ әлде сіздер ме?



Бөлісу: