Көне салып сезімнің күйбеңіне,
Томсырайып тағы да үйде міне,
Мен отырмын тұңғиық ой үстінде,
Сол ғашықпын досымының сүйгеніме.
Сүйген дейді? Сүймейді күнә тағы,
Досым оның жүрегін жылатады,
Ару-байғұс ес-түссіз ғашық оған,
Ал досым ше? Ол тек жай ұнатады.
Ал мен ше ол бикешті танып бойдан,
Жайықта жүрегіме ол жарық қойған.
Сол күннен өз-өзімді сотқа тартып,
Азапқа абақтыға салып қойғам.
Іш жылап,сырт санасыз күлемін,
Дұрыс қой көпшілікке күле білген,
Ғашық боп қылмыскер боп абайсызда,
Жазамды өтеп жүрмін жүрегіммен.
Айдың да білінбейді түнгі реңі,
Ол жақта қалай маған күн күледі,
Бір күні өзі келіп босатып ап,
Бостандық алып берер кім біледі???