Бұл әлемге сыймай кетем бе?..

Бұл әлемге сыймай кетем бе?..
жеке
блог

Сіз өзіңізді бұл әлемге арналмаған жан деп сезінген кездеріңіз болды ма? Жан-дүниеңіз мүлдем басқаны, басқа, бұл әлемде жоқ нәрсені талап етіп, ойыңызға тыныштық бермейтін кездер?! Ұйқысыз түндер... Көз жасы тоқтамайтын... 

Менде ол жиі болады. Денем осында, бар ойым ғарышта жүргендей сезінемін. Қанша жақын болса да, барлық адам мен үшін жат секілді. Барлығынан тез жалығып, ешкімді көргім келмейтін кездер жиі болады. Менің әлемім әлі пайда болмаған секілді...