Бүкпесіз сыр...

Бүкпесіз сыр...
жеке
блог

Түн. Ұйқыға жаттым, бірақ ұйқым келер емес. Бөлме іші тып-тыныш, тек жардағы сағат тықылы ғана естіледі. сол сағаттың әр тықылы "уақыт өтіп жатыр" дегенді есіме сала береме, калай өзі?! Ол сағатқа қарап ішімнен "білем, уақыттың өтіп жатқанын" деймін. Бұл "тықыл" жүйкеме тие бастады. ұялы телефонымнан әуен қостым, мұңды әуен. Құдайым-ай, онсызда "оңбай" жүргенімде, мына әуен "жылап ал, жылап ал, қасыңда ешкім жоқ, көз жасыңды ешкім көрмес үшін дәл қазір  жылап ал" деп тұрғандай... Жетімсіреген сезімім-ай... Елірткен, есірткен жастығым-ай... Кезекті ақымақтығым тағы не нәрсе үшін өкіндірер екен... Қу дүние-ай, не үшін мені жылатпаксын... Өзіме тиісті жазамды алдым емес пе?! Жетер! Осы жылатканың да жетер. Енді не қыл дейсің, айтшы не істейін, жүрегім жыламас үшін не істейін?! Бір жұмыстасым "кеше неге бізбен кафеге бармадың?" дейді. Онда барып қайтем, менің олай көңілім көтерілмейді, мен олай бақытты бола алмаймын. Ия, неге екені белгісіз мен бәрінен жырақта жүргім келеді. Ешнәрсе естіп, ешнәрсе көргім келмейді. Жо-жоқ, олай айтуға бола ма екен. Өмірді осынша жек көруге болама екен. Жақсы ғұмыр кешуді мақсат еткен жігерім қайда кеткен... Әй, қойш, соның бәрін, бәрі де әдрем қалсыншы! Менің жақсы ғұмыр кешер мүмкіндігім қалды дейсіңбе сол.  Жер бетінде мендей ақымақ, мендей ақылсыз  жан жоқ шығар, сірә?!