Сәлем, Массагеттіктер! Бүгінгі блогымды мен үшін өте қымбат әрі сыйлы адамға арнаймын. Бұл адам туғаннан бастап менің жанымда. Өмірдің ащысын да, тұщысын да бірге бөліскендіктен, қиындықтар мен бақытты күндерде жанымнан табылғандықтан, мен оны сыйлаймын. Сіздерге айтып отырған адамым- ол мен.
"Адам өзін кім санаса-ол сол"-деп Конфуций бекер айтпаса керек. Ең бірінші сыйлайтын және құрметтейтін адамыңыз ол-өзіңіз. Егер сізді бүкіл әлем сыйлағанын қаласаңыз, өзіңізден бастаңыз бірінші. Сонымен, бізді сый-құрметтен ажырататын факторларға мыналарды жатқызуға болады:
-Салыстыру. Көбінесе адамдар өзін-өзі басқалармен салыстыру арқылы, олар сияқты сый-құрметке лайықты емеспіз деген ой қалыптастырады. Инстаграм, Фейсбук парақшаларынан жұлдыздардың өмірін көріп, өзін-өзі ұмытып кететіндер қаншама.
-Өз сөзінде тұрмау. Ертен таңертен ерте тұрып, бітпеген істерді бітіремін-деген сияқты орындалмайтын фразаларды айту арқылы адам өз-өзін алдайды. Ал, сөзінде тұрмайтын адамды ешкім де сыйламайды.
-Өзін-өзі жек көру. Адам бұрын істеген қателіктері үшін, өзін кінәлі сезінеді.
Бұл факторларды жеңу үшін, мынандай іс-әрекеттерді күнделікті әдетке айналдырсаңыз жеткілікті.
-Өзіңізге берген уәдеңізді ешқашан бұзбаңыз. Мысалы таңертең сағат 6-да оянамын деген сияқты.
-Өзіңізді бұрын жасаған қателіктеріңіз үшін кешіріңіз. Кім бұл өмірде қателеспейді?
-Өзіңізді біреумен салыстырмаңыз. Сіз салыстыратындай зат немесе киім емессіз ғой. Сіз кеңістіктің осы нүктесінде, осы уақытта ғана өмір сүретін қайталанбас тұлғасыз.
-Өз арман-мақсаттарыңызға сеніңіз және олардан бас тартушы болмаңыз. Абай атамыз айтқандай- "сен де бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та бар қалан".
-Ең соңғысы, әрине, өзіңізді қалай сыйласаңыз, өзгелерді де солай сыйлаңыз.
Міне, көріп отырғанымызай, өзіңізді әлемге сыйлату соншалықты қиын емес екен. Онда неге бүгіннен бастап бүкіл әлем сыйлайтын адам атанбасқа?