Букинистің өмір мектебі

Букинистің өмір мектебі
жеке
блог

Таң атар атпастан тұрып, ол күндер жұмысқа барынша асығатынмын.  Мамам өзінің әдетінше тамақ салып, екі-үш тостағандық су сияр термісіме қайнақ судан құйып беретін. Бала кезден, бес-алты жасымнан нағашы атама өлең, мақал-мәтел, жыр-дастандарды айғайлап оқып, Шәкәрімнің «Үш анығынан» өлең бастауын алсамда, рэп өнерін сүйемін. Үйден шығып контейнерімді ашып болғанымша «Эминем», «Dark man X», қазақтың Жақауы мен Жиһады құлағымда ойнап тұратын.

Біріншіден балалар кітаптарын тізетінмін. Орыс әйелдері көп алатыны суретті ертегілер. Өзі көлемі аз ғана. Бес-алты жасар балаларына бір аптада ішіндегі сөздің мән-мағынасын, істетілуін түсіндіретіндей. Себебі қарапайым суретті ертегі кітабынан қалың ертегі кітаптарына өтетін. Кейіннен қазақ ертегілеріне көшті. Сол баяғы суретті кітаптар. Өздері тағы іздеп жүріп алатынын қайтесің?

Ең аяныштысы контейнерге кіргенде оң жағымда тұратын қазақ жазушыларының орыс тіліне аударылған кітаптары. Кімге ұсынсаңда қолын сілтей салатыны. Бір күні бір қазақ қыз келді. Алты жүз беттік кітапты бір түнде бітіреді, сөзіне сенсек. Рас па? Жалған ба? Алған кітаптары білер. Таңдағанда ұзақ жүрді. Шығарады. Кіргізеді. Кітаптарымды аяй түстім. Байқұстардың қырлары желініп бітетін болды. Ал менің жүрегім... Кітаптарым-ай! Мен оларды күтіп сақтап жүрмін!  Ақыры алмады!

Кешке қарай сырттағы жаймамды жинап жатсам, екі қазақ келді. Абайдың «Қара сөзін» алмақшы. Түрлерін жақтыртпадым. Дікең-дікең еткендердін біреуі. «Қара сөзге» қарап төгілді. Өзі сырты жұқа. Үш жүз теңге. Қымбатсынып тұр. «Сен өзің жаза аласың ба, осындай кітаптың бірін?». «Жазам», «Онда саған сатпаймын».  Кетті. Жазушы болмақ оңай емес, жазу оңай да, кітапқа түйіндеу зор іс. Себебі өзім жазам. Осы деңгейге жету үшін біріншіден көрдім, екіншіден түйдім, үшіншіден қорыттым, төртіншіден жаздым. Ал Абайдың «Қара сөзі»?  Бүткіл ғұмырының қортындысы!

Ертеңінде алдыма сарғыш бауыр келді. Нақ қазақ, көзі көк. Үстіне афроамерикандық ұқсап «дорба» киіпті. Бір екі тісі түсіп қапты өзі. Жүзіне қарасаң күлгің кеп тұрады. Шашы жоқ емес, не бар емес. Білмеймін. Адамдар менен не табатынын? Бетіме қарап тұрды да сұрақты былш еткізді. «Қыздарға қатты тартады, санамен емес, тәнмен» дейді. Амалын таппай жүр екен. Жүзіне қарап тұрдым да «Басың мен бұтыңның орнын ауыстырып қой» дедім. Қуанып сәбидей секірді. Жүрегі таза адам ұқсайды. Бір жағынан ойлауы көпшіліктен бөлек. Риза болды да, «Қара сөзді» алды да кетті. Осы адамның жаратылысына әлі таңмын. Отызға таяған болса да бала. 

Ыржың-ыржың қаққан жігіт. Өзі жоқ боп кетет те, пайда болады. Әлі кездеседі. Діндар. Диуанаға ұқсаған адам. Білім деген жетеді. Халифа Алтайдың аудармасын қолына алып, діннің үтір-нүктесін талдады. Жанындағы досы жәшіктегі бір кітаптарды шұқылауға кірісті. Діндар ағамыз өмір мен өлімнің мағынасын толық түсіне алмай кеткен адам. Тағы шекесіндегі нәпсісін тия алмай қиналады, дін тұрғысынан білімі болсада.Үйленгісі кеп жүрседе жар таба алмай салтанаты қашып жүрген. Мен бір философ, ол да философ әңгіме кетті. Өмір мен өлім он үш жасымнан бері жазып келе жатқан сүйікті тақырыбым:

«Өмір бір қарасаңыз жалғанның басы. Ал сан-есептен екінші, тіптен үшінші. Өмір ол күлу,  қуану, шынығу, жеңілу және жеңу. Ең бастысы, ол – ұрпақ. Және туыстық пен достық. Сыйластық. Сыйластықты махаббаттың синонимы дер ем. Ал оқу, білудің ләззәті... ол бөлек.

Өлім – өмірдің аяғы мен төртінші өмірдің басы. Тән өледі, жан өлмейді. Яғни, кәмелетке толған секілді. Бір істі түсініп,  көне ойламыңды өлтіріп, жаңа ойламды тудыруың. Бірақ, төртінші өміріңде туылуың үшінші өміріңе нықтап байланысты.

«Бірінші мен екінші өмірші?»

Біріншісі әке беліндегі өмір, екіншісі ана жатырындағы өмір. Мысалы, мен әке белінде жүргенде туған жеріме қытайдан көшкенмін. Сол себептен менде оралған қазақпын!

Ой, қарқылдайды-ау сөзіме. Осыдан бастап  отыз жастағы інім пайда болды. Сол cәттен аға дегені бар. Ал мен жәй «бір» ой түйінімді айттым???

Өлең-сөздің саптауын үйреткен «Бес ғасыр жырлайды». Бекболат Тілеуханов ағамызға  рахмет айтсақ артық етпес. Бала күнімде осы жерден алған ем... Өмір мектебінен өту уақытымда осы бір өзіме жылы кітапханамда өтті. Шәкәрімнің Стабұл, Париж кітапханаларында не үшін тоқтағанын енді түсінгендеймін!

ТӨРЕХАН Арыстан