Бұқаралық мәдениет өнімі – тауар

Бұқаралық мәдениет өнімі – тауар
жеке
блог

Бұқаралық мәдениет дегеніміз – қарапайым бұқара халықтың, тобырдың талғамына сәйкес қалыптасқан мәдениет. Бұл ең алдымен өмірді рақат алу өрісі,сауықтық өмір салты ретінде қабылдайтын өзінің талап-тілектері мен қажеттіліктерін бәрінен жоғары қоятын және оны қоғам мен мемлекет қанағаттандыруға міндетті деп ойлайтын, өзінің әсемдік пен адамгершілік мұраттары туралы пікірлерін абсалютті түрде қарастыратын бұқаралық адамдардың мәдениеті. Жалпы, бұл мәдениетті ғалымдар XIX ғасырдың ортасынан бастап қарастырып және осы мәдениетті құрайтын бұқаралық қоғам, бұқаралық адам, бұқаралық сана ұғымдарын жеке-жеке талдай бастады.  

Бұқаралық қоғам дегеніміз – буржуазиялық адамгершілік құндылықтарының бәрінен айырылған, басты құндылығы индустриалды даму болып табылатын тоталдық жүйе. Бұл қоғам- саналы ойлайтын ,саналы әрекет  ететін адамдардың орнына бейсаналы адамдар тобырын қалыптастырады. Бұқаралық қоғамды  басқаша «бір өлшемді қоғам» деп атасақта болады. Себебі бұқаралық қоғамның ойлауы да, әрекеті де бірдей. Бір өлшемді қоғамның қауіптілігі – ол белгілі бір мемлекеттік құрылымдарға тәуелді бір өлшемді адам, яғни бұқаралық адамды тудырады.

 Психоанализ өкілдерінің бірі Эрих Фроммның пікірінше, бұқаралық адам - үлкен машинаның автоматтандырылған бөлшегі. Бұқаралық адамды  өз-өзінен бас тартқандығы,өзіндік менінен бас тартып отырғандығы толғандырмайды, өйткені бұқараға қосылған индивид өзіндік бір сенімге ие болып, өзінің бір топқа жататынын мақтан етеді. «Бұқаралық адам» ұғымын ғылымға енгізіп, ең алғаш 1930 ж жазылған «Восстание масс»  еңбегінде қолданған испан философы Хассе Ортега Гассет болатын. Ол бұқаралық адамды антииндивид деп атады. Себебі антииндивидтер – ештеңе айта алмайтын,айтқысыда келмейтін, көптін түсінігімен жүретін, өзіндік ойлауы жоқ адам және ол өзіне жол көрсететін лидердің болғанын қалайды. Бұқара адамы -ол өзінің бір ерекшелігімен анықталады: ол басқаларға тек өзінің қайталануы болуына мүмкіндік береді. Оның достары болмайды,тек әріптестері болады. Олардың  куүші санында. Бұқара адамы болу үшін бойында ерекше құндылықтардың болуы міндетті емес және ол қарапайым орта табы бола алады. Гасеттің пікірі бойынша қазіргі заманғы бұқаралық адамдар бойында мынадай белгілер бар: сұраныстың шексіздігі; өз табиғатына қанаушылық; өзін қоршаған ортаға деген қанағатсыздық. Бұқараны соқыр еліктеушілік манипуляцияға тез еритін қарабайыр тобыр ретінде қарастырады.