Бүгінім міне - кешегім
блог
Жол...
Адам өмірінде жолдың алатын орны ерекше, сан - тарапты ойға, қыйын - қыстау кезге үнемі жолдың қатысы бар. Мен сол жолдың үстінде тұрмын. Жолдың екіге сызылған ақ әктің үстінде тұрып, жанымнан зу еткен машиналардың салқын лебі денемді тітіркендіріп жіберді. Таңғы шықты қарсы алып тұрған жазира дала, бір дымқыл күйге көшкен сәтті ләзаттана байқап тұрмын. Көз алдымдағы таңның атуы сондай тамаша, қалайша бұрын осы сұлулықты байқамаппын? Үстімдегі ақ жиденің тазалығы сондай, жаңа атып келе жатқан күнмен шағылысып барады. Бір сәт екі жақтан зуылдаған машинаның ортасында тұрған менде ой келді: "МЕН ЖАПАН ДАЛАДА НЕ ғып ЖҮРМІН?" . Өткен күнді есіме алар емеспін, болған оқиғалар миыма кіріп кетер емес. Мүмкін кеше тойда болған шығармын? Жә, машина тоқтатайын...
Жапан дала болғанмен, бұл даңғыл жолмен машинаның қарасы үздік - үздік көрінеді. Әдеттегідей қол көтеріп тоқтатпақ болдым. Көз алдымда түрлі машиналар бірі батысқа, бірі шығысқа қарай жұлмалап, жыртылысып жатты. Бір сәт фарысы айқын жарық, копотының басына шошиып тұрған белгісі бар, сұр түсті "Мерседес"машинасы меннен өтіп барып тоқтады. Суықтан тонғаным ба, әлде тұра - тұра зеріккееннен бе, әйтеуір машинаға қарай ұмтыла бергенде кеуде тұсым ине шаншығандай ауыра кетті. Көлік иесі сыртқа шығып дәрет сындырып тұр екен. Не болсада қалаға, үйіме жетуім қажет болғандықтан екі өкпемді қысып әлгі иесіне жақындап жөн сұрса бергенде, көк көзді маған күдікті суық көзімен бір сүзді де, басын төмен қарай бір -екі рет шайқап машинаға қарай жөнелді. "Бұнысы нес? Басын шайқаса мақұлдағаны ғой. Не болсада отырайын" - деп есікті ашып артқы орындаққа отыра кеттім. Жол бойы менде, ол да үн қатпадық. Қалаға кіре бергенде әлгі көк көз аялдамаға кеп тоқтап, адам алмақшы болғаны сол еді, дереу есікті ашып, бас ауған жаққа қаша жөнелдім. Көк көз ренжісін, қарғасын, боқтасын, маған бәрі - бір, төлер ақшам болмаса басқа амал не шік?
Өткен күнді есіме түсіре алмай ойым сарсанға түсіп келе жатыр. Бір жерден кеуде тұсып шаншып барады. Үйге жақындай бергенде, көзіммен, сырттағы машиналардың қарасын бақадым. Таң сәріден жиыла қалғаны қалай? Мүмкін, үлкен ағам келіншек әкелген бе? Аулаға кірер - кірмес үй ішіндегі бір әнің ырғағымен шырқалып жатқан ащы дауыс естілді. Тың тындағандай құлақ қойғаным сол еді, денемнен бірден суық тер бұрқ етті. Бұл - жоқтау болатын. Қол - аяғым бірден сабырсыз дірілдеп кетті, дереу үйге қарай ұмтыла бергенде кіре - беріс табалдырықтан көзге көрінбес бір тылсым дүние мені үйге кіргізбеді. Көз алдымда ештене болмасада, құдды бір алдыма әйнек тұрғандай мені ішке жібермеді. Түк түсінбедім, айқай салсамда мені тындар ешкім болмады. Қалайша?, Кімнен айырылдым, о Құдайым тек әке - шешем болмаса екен, - деп үйді айнала терезелерден бірденені байқамақ болдым. Көз түк көрінбеді. Бір сәт қолына баурсақ толы тостағаны бар толықша келген бір келіншек маған қарай жақындап келеді. Бұл менің жеңешем болатын. Жеңгеме кеп тоқтағанда, мен үшін сол сәтте бір сұмдық жайт болды. Менің денемді қақ айырып өте шықты. Иә, әлгі жеңгем меннен өте шықты. Қазір - ақ миым жан - жаққа шашырап кететіндей көрінді. Бір кез үйден әкем шықты, оның артынан әпке - қарындастарм мен анам шықты. Ана. Менің анамның көзіне не болған. Неліктен көз жасын көл ғып төгуде? Кім маған не болып жатқаның айтады? Бір сәт дауыс шығарып отырған әйелдерден:
"Серігім менің Серікжан,
Кеттің - ау қалқам тіл қатпай.
Ананда қалды артынан,
Досында жаран ауылын..." - әннің ырғағында созулы тұрған бұл жоқтау мені есімнен адастырды. Міне, менің қорқынышым көз алдымда жүре берді, үйден көк мақпалға ораулы денені менің аға - інілерім достарып көтеріп шықты. Мен, менің өмірім, өлімім...
Анамның сол көк мақпалдағы жан үшін тұра ұмтылып, талып қалатындай бұл қай нақұрыстың жаназасы??? МЕНІҢ... Кеуде тұсым одан сайын шанши түсті. Бір сәт көз салғанда ақ жидемнің кеуде тұсынан қызыл - ала қан төгіліп жатты. Дүйім жұрт аула сыртына мені қағып, меннен өтіп кете барды. Дереу анамның қасына барып тұрдым. Қанға бояулы қолыммен анамның жүзіндегі жасты сүрткім ақ келді. Ботасынан айырылған түйедей оның ащы дауысы менің жүрегімді езіп барады. Тіземе отыра бергенімде құлағыма құранның аяттары кеп сөйлей берді. Бір сәт мен, менің денем ақ қауырсындай аспанға қарай ұша берді. Қош бол анашым, қош әкешім. Қош...