Бүгінгінің қыздары...

  Байқа,қызым!

  Бүгінгінің қыздары,

  Бұрынғыдан ызғарлы.

  Өткеннің бәрін күндеме,

  Онда да осындай жүз бар-ды.

  Елді елітер із барды,

  Бөленбесе де бүлдеге.

  Белге түскен бұрымды,

  Тұрақтатпай ұрынды.

  Түскендей жарыс жүлдеге,

  Ширатып түйді,

  Төбесіне үйді.

  Сұс түсірдің сүрмеге.

  Қолаңшаш сыйды.

  Желкеден қиды.

  Өзгертті өзге реңге.

  Бұйралатты,күйді,

  Ермек боп көптік сүреңге,

  Кіндікке төнді.

  Жалаңаштап белді,

  Желігіп желді.

  Шолтитып кесіп етекті.

  Жарқыратып санды.

  Түршіктіріп жанды

  Ашуды алау от етті,сыптай ғып бұтты,

  Бұл сән деп ұқты.

  Етек те тілік,

  Балақ па ілік.

  Жалақтатты жүрісті.

  Қыз-ау деп сезініп,

  Қалса кезігіп,

  Жігіттер шіркін жанасар.

  Қарттың көзі.

  Қамасып көзі

  Күнәмен қалай санасар.

  Ауыстырса жұрт,

  Сақал мен мұрт.

  Солғана қалды-ау таласар.

  Ұрпағымен ұласар да ұнасар.

  Байқа қызым,

  Бай тағзым

  Ұллтық қалпы,

  Үрдісі салты

  Іздеп тауып пара-пар.

  Мұсылман қыздар!

  Ысылған із бар.

  

  Тым болмаса елдігіңе,

  Мін келтірме теңдігіңе.

  Сұрлап қырмай сұсты,

  Құлпытпаса құсты

  Мін болмаса теңдігіңе.

  Сұлу құсқа

  Жараспас сұс та.



Бөлісу: