Бүгінгі күнім біртүрлі...

Бүгінгі күнім біртүрлі...

Шыт көңілді қалғаны ма шаң басып?, Көз ілмедім шұбар оймен таңды асып. Таң да атты... Оянды әлем... тіршілікке түр кірді. Ал менің ше? Менің таңым біртүрлі. Ояна алмай ойым ойға алмасып, тұрып алды түн жағама жармасып. Ақпан мынау – жатыр жерді қар басып...

Аппақ дала – жанарыммен арбасып шағылады, қарсы тұрып жанарыма қап-қара. Шымшылайды аяз бетті шаттана. Қарамайды менің ойым маң басып, Аралайды ақ даланы... әйтеуір бір алға асық. Келемін мен жалғыз аяқ жолменен, Табиғат-Күн томсарып тұр тоң неден? Таңғы тірлік – тағаты жоқ тырп-тырп басқан адамдар. Қыңқ етпейді жатыр мүлгіп қалың қар. Қала жатыр бетін басып қолымен. ... Менің ойым бара жатыр ақпанның ақ жолымен...

 



Бөлісу: