Бүгінгі күнім........
блог
Ия, бүгін күн дүйсенбі. Демалыс күндерім тәп-тәуір өтті, әдеттегі демалыс күнгі әрекеттерімді тындырып, тірліктерімнің бәрін тындырып, жұмысыма не киетінімді, шашымды қалай сәндейтінімді бәрін-бәрін ойластырып, дайындап ұйқыға жаттым. Ол-кеше! Ал бүгін ше?! Сұрамаңыз! Бүгін жұмысыма ұйықтап қалыппын. 8:30 жұмыс! Мен 8:10 да ұйқыдан тұрдым. Жұмысына ұйықтап қалған адамнын қалі айтпаса да түсінікті шығар... Содан не басымды ауыртайын таңғы асты ішпестен апыл-ғұпыл жиналып, 10 минутқа кешігіп келдім. Жұмысқа кешігіп келген қызметкердің бастығы үшін сондай "сүйкімсіз" боп көрінетіні бесенеден белгілі дүние. Жә, қойш, жәрайт кешіктім, жұмысыма кірісіп кеттім. Құдайым-ааай, бір істеген ісім өнсе ше?! Мен жұмыс істейтін 2 бағдарлама бар. Бірі - "Лотус-Нотус". Осы бағдарламамен шұғыл облыстық әкімшілікке хат жіберуім керек. "Қайыршыға жел қарысты" деген осы болар, ол бағдарлама жасамай тұр, жұмыстағы бағдарламашыны (программист) шақырып, үйтіп-бүйтіп, жібердім шұғыл хатты. Құдайым-ай енді келген хатты қарайын десем, "outlook express" ашылмайды. Оның да бағдарламашы жігіт 1 сағат отырып әрең дегенде тілін тапты. Ол олма, басшыларға "қақсап" жүріп, кабинетіме жаңа бір үлгідегі сейф алып берулерін сұрағам, ия, ол сейф бүгін келді, кабинетіме қойып та берді. Ай жынымнын келіп тұрғанын - ай, түсі қап-қара, өзі анау-мынау емес "үп-үлкен"... Мен сейф сұрағанда жып-жинақы, түсі ашық, мөрлерім мен 4-5 папкам сыйса болғаны дегем... Әкеліп тұрғандарын қарасаңшы.Ішіміздегі бір бөлім бастығы кеп "Қалай сейфің?" дейді, сыртыма шықпай, бірақ ішімде қыз-қыз қайнап жатқан ашуыммен "жақсы сейфім, жының келген адамдарды атып тастауыңа бірнеше автоматтың түрін салып қоюға болады" дедім. Әлгі бастық шалқалай күлгені... Содан түскі үзіліс, үйде ас үйде түскі ас ішіп отырмын, жардағы сағатқа қарап қойып, тамақты асықпай ішіп отырмын ғой, таңғы ас ішпедім ғой. бір мезгілде қол сағатыма көзім түсіп кетті, сағат 2:30. түстен кейінгі жұмыс дәл 2.30-да, сөйтсем асүйдегі жар сағаттың батарейкасы бітіп, анау-мынау емес жарты сағатқа артта келе жатыр екен. Түстен кейінгі жұмысқа тағы кешіктім. Ол олма сөмкемде ақшам таусылып қалған соң, банкоматқа бардым, барып карточкамды салсам "заблакирован" дейма бірдеңе деп жазу шығып тұр. Сөйтсем карточкамның қолданылу уақыты асып кетіпті. Не дейін айналайындар-ау, не дейін, айналамдағылардың бәрі дәл қазір менің ашуыма тиіп тұрғаны...................... Айтпақшы ақша неге керек болды дейсіз бе , кешке ТУҒАН КҮН! Сол туған күнге бару керек, ал менің түк настроением жоқ. Бұл жазбамды жазудағы мақсатым ашуымды біреуден алмай тұрғанда іштегі ызаны жазып кетірейін деген ойым. О. Аллам сабыр бере гөр!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!