Бүгінгі күн тамаша, бүгін нұрлы арман!)

Бүгінгі күн тамаша, бүгін нұрлы арман!)
жеке
блог

Қазақстанның басқа аймақтарын білмедім, бізде бүгін ауа-райы керемет. Күн жылы. Азынап тұрған жел жоқ, сартылдатып сабап жатқан сары аяз да, ақ қарды бұрқыратып бүрсеңдеткен боран да жоқ. Әдетте, біздің жақтың табиғаты тосын мінездерін танытып тұрушы еді. Бүгінгі даланың көрінісі маған ұнап тұр. Жапалақтаған әппақ қардың жер ананы мамық көрпеге орауы, көңіл-күйге әдемі әсер беріп тұрғандай. Ақ орамал жамылған тал-теректер майысып дала әдемілігін толықтырып тұр. Терезеден сыртқа үңілсең, жан-жаққа ағылып жатқан адамдардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Бүгінгі сайлау, мен үшін мереке сияқты. Ел үшін де солай шығар. Бүгінгі үлкен науқан сәтімен аяқталып, ел мерейі өсе берсе екен. Жұрт шаттанып, аяқ басқан Ұлу жылымыз ұлағатты істермен тарих бетін аша берсін, ағайын! Әр отбасының ырыздығы молая түссін деген тілек бар!