Бүгінгі қоғамның көрінісі – қаржылық тәуелділік.

Соңғы кезде мемлекетімізде қаржылық пирамидалар, криптовалюта,биткоин, блокчейн деген ұғымдар жиі естіледі. Белгілі бір қаржы пирамидалары биткоин мен криптовалютаны сөз етіп, адамдардың сеніміне кіреді. Алайда, криптовалюта мүлдем бөлек ұғым .Себебі, қаржылық пирамидалардың мақсаты халықты алдау арқылы ақша жинау.  Әлемдік деңгейде криптовалютаны биткион және блокчейн жүйесімен есептеледі. Бұл ақшалай валютадан бөлек жүйе. “Крипто” деген сөздің өзі жасырын, құпия деген мағынаны білдіреді. Биткоин валютасын кодтау арқылы жасайды. Сандық ақша дәл сол сияқты. Ең алғаш криптовалютаның негізін қалаған псевдоним  Сатошо Накомото атты математик 2009 жылы ойлап тапты. Сатошо Накомота жасаған ең алғашқы криптовалюта «Биткойн» арқылы жасалған бірінші транзакция – 100 мың биткойнға екі пицца  сатып алынған болатын. 2009 жылы Биткойнның бағасы 0,4 цент болса, қазір бір кірпіш алтынның құнынан асып түсті. ($2495) Криптовалютаның бүгінде 3000-ға жуық түрі болса, ең танымалы- биткойн. Криптовалюта ешқашан кибершабуылға, xакерлік шабуылдарға бүлк етпейді. Кезінде қоғам нарықтық экономикаға көшкенде виртуалды ақша жүйесіне сенімсіздікпен, үреймен қабылдап еді, бүгінде екінің бірі қолданады. Қазіргі біздің жиі қолданатын ақша аударымдар, QR код арқылы төлем жасаудың барлығы ақшаны цифрландыру жүйесіне енгізді. Қазақстанға енді еніп жатқан биткоин валютасы, әлем бойынша кең қолданысқа ие. Мысалы, Дубайда биткоинның банкоматтарынан ақшаны алтынмен алуға болады. Біздің мемлекетімізде әлі биткоинды ақшалай аударатын банктер жоқ. Қарапайым халық көп жағдайда қаржылық пирамидаларға  алданып, мүліктерінің барлығын сол мекеменің атына аударып жатады. Тез және жеңіл ақшаны табу мақсатын көздейтін азаматтар аз емес. Қазақстандықтар енді отандық емес, шетелдік қаржы пирамидаларының арбауына түсе бастапты. 2018 жылдың сәуір айында жұмысын тоқтатқан "Квестра" Кабо-Верде Республикасында ор­на­ласқан "Atlantic Global Asset Manag­me­nt" компаниясының еншілес кәсіп­оры­ны бо­лып шыққан. Олар "клиенттерін" ком­па­нияның өкілдері мен веб-сайты арқылы іздеп тауып, қармағына іледі екен. Қаржы пирамидаларына көптеп ілінетін қалалардың Ақтөбе, Шымкент, Семей көш бастап жатыр. «МММ». 90-жылдары аты дүрілдеп тұған компания. Ресейдегі ең ірі және алғашқы қаржылық пирамиданың бірі. Әртүрлі деректер бойынша 15 млн. адамға дейін салымшысы болды. Құрылтайшысы С.П.Мавроди алаяқтық қылмысымен айыпталып, сотталды. Шыға салысымен тағы бір «МММ-2012» атты қаржылық пирамида компаниясын құрды. 

Осындай компаниялардың қарамағына қаржылық сауаттылығы төмен адамдар жиі түседі.
Психологтардың айтуынша, егер халықтың басым бөлігі бір нәрсені жанталасып алып жатса, бір жерге жанталасып тіркеліп жатса, мен де қалып қоймайын, мен олардан кеммінбе деген ой итермелеп отырады. Ал зардабы туралы ойланбайды. 
Қаржылық пирамида басшылығы адамдардың психологиясымен жұмыс істейді. Барынша ақша табу жолдарын жеңіл көрсетеді. Сол арқылы адамдар алданып отырғанын байқамайды.
Ең бастысы, қаржылық пирамидалардың іс-әрекетінен тек адамдар ғана жапа шегіп қоймайды, сонымен қатар, сол елдің эконо­микалық жағдайы да төмендейді. Халықтың мемлекеттегі басқа қаржылық институттарға сенімі азаяды. Адамдар артық ақшаларын банктерге салуға, бағалы қағаздар сатып алуға асықпайды. Сөйтіп, кез келген елдің экономикасында үлкен рөл атқаратын инвес­тиция көлемі күрт азайып кетеді.

Қазіргі уақытта қаржылық пирамидалар ішкі мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түр­лері өзгеру үстінде. Бұрынғы пирамидаларда адамдардан ақшаларын жалған жоба мен түсініксіз қорларға құю ұсынылса, бүгінгі күні халықты гүл өсіру, жалған зауыттар және кен орындарын дамыту, және т.б. псев­доматериалдық құндылықтарды жасауға ша­қы­рады.
Сондай-ақ әлеуметтік желідегі қаржы пирамидалары кең таралып жатыр. Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру керек. Адамдар криптовалюта мен биткоинның не екен, қаржылық пирамиданың қалай болатынын түсіну керек. Қаржылық сауаттылық пәнін мектеп кезден бастап беру қажет. Шетелдің форматын қолдану арқылы адамдардың қаржылық сауаттылығын ашу керек. Бала кезден экономикалық терминдерді бала түсіндіру керек. Осындай қаржы пирамидаларына түспеу үшін, адам өзінің құқығын, мүлігін құндылығын, әдемдік деңгейде болып жатқан қаржылық өзгерістерді бақылап жүру қажет. Биткоин жүйесі Қазақстанда заңды түрде енбегеннен кейін, қарапайым халық өзге адамдардың арбауына түспеуі керек. Жеңіл ақша жолында жылдап еңбек еткен табысын адамдар сақтау үшін қаржылық сауаттылықты арттыру қажет.
 
 


 
 



Бөлісу: