Бүгінгі «Жұлдыз» журналының тақырыптық ерекшелігі

Бүгінгі  «Жұлдыз» журналының тақырыптық ерекшелігі
жеке
блог

1922 жылдан бастап жұртшылықтың рухани қажетін өтеп келе жатқан тұрақты басылымның бірі «Жұлдыз" журналы. Журналдың 95 жылдан астам тарихы бар екені бәрімізге мәлім. Ендігі кезекте тақырыптық ерекшелігіне көңіл бөлейік.

Жұлдыз журналының 2021 жылғы 3 ақпанындағы санында Рамазан Тілеухановтың "Атамның әңгімелері" атты прозасы жарық көріпті.Мақаланың алғы сөзінен бастап тоқталатын болсақ, нағыз қазақ азаматының бет бейнесін көруге болады. Сөз басында бұрынғы ауыл өміріне сипаттама беріп, өз жылдарының ерекше тұстарына тоқталады.

Мақаланың қысқаша мазмұны мен өзектілігіне талдау жасайық:

"Қарттар сөзі бекер кетпейді,

Шыбық ексең – бақ үзілмейді",-демекші қазақ халқы ертеден-ақ қартын қадірлеп, ақылын тыңдап, жол таба білген. Шынында да, ата-бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, өнегелі ұрпақ болып өсуіміз осы жасы үлкен ардақты да, аяулы қарияларымыздың арқасы деп білеміз. Мақаланың негізгі өзектілігі де сол, өмірлік тәжірбиесі мол, көпті көрген даналарымыздың елге айтар өсиет әңгімелерін қазіргі жастардың бойына сіңіру, рухани бай болуға шақыру болып табылады. Бүгінде заң ғылымдарының докторы атанып отырған авторымыз өзінің жастық шағын еске алып, елеулі толқынысын жеткізеді.

"Мен нағашы атам Кәдіркей Сәдуақасұлының қолында өстім. Кіндігінен тараған үш қыз, бір ұлы бар болатын. Жалған дүниенің сынағы біткен бе? Жалғыз ұлы қайтыс болып, жарға соғылған кемедей жабырқау күйде жүргенінде мені бауырына басып еді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміне бөлеп өсірді. Өле-өлгенше еркелетіп кетті, жарықтық! Өзі домбырашы, әңгімеші, шежіреші кісі еді. Кіммен танысса да, әуелі «Қай елдің баласы боласың?» – деп сұрап алып, ары қарай сол рудың шежіресін таратып, тарихын айтып кететін. «Арғын болсаң – Алтай бол, Найман болсаң – Матай бол, Дулат болсаң – Ботбай бол; олай болмасаң – не болсаң, сол бол» деген әзіл-шыны аралас сөздерді алғаш атамның аузынан естігем. Жанына ертіп жүріп, талай-талай тағылымды әңгімелерді көкірегіме құюға тырысқанын қазір бағамдап отырмын. Көп дүниенің қадіріне жетпегенімді, зейінсіз тыңдап, зердеме түймегенімді мойындағанымнан не пайда?!.

Қазір көп ойланам: «Жастарымыздың бойына қазақи мінез, имани құндылықтар қаншалықты сіңген? Қазақ менталитеті қандай еді? Сол ділді зерделеп жүрміз бе? Ата-бабаларымыздың бойындағы сол асыл қасиеттерді үлгі етіп жеткізе алдық па?»,-деп атадан қалған мұраны келешек ұрпаққа дәріптеуді жөн көреді. Атасының айтқан біраз әңгімесінің жайын келтіріп, қалың оқырманның жанына серік етеді.

Жақсыдан-шарапат әңгімесінде ашаршылықтың төңірегінде Кәдіркей Сәдуақасұлының бай-кулактардың арызынан қалай құтылғандығы жайлы баяндайды. Бұл әңгіменің басынан-ақ патша өкіметінің озбырлығын сынап, басынан тоқпақ кетпеген қайран қазақтың жағдайынан сыр шертеді. Айтып отырған бас кейіпкеріміз автордың атасы еді. Арыз түскен бойда не істерін білмей ары ойланып, бері ойланып ақыры «Елдің азаматы ғой, ақылын айтар, бір пайдасы тиер» деген оймен Сәкен Сейфуллинге барады. Ішінде біраз базарлығын арқалап пойызбен 6-7 күн жол жүріп, Алматыға келеді. Келген бойда Кәдіркей Сәдуақасұлы Сәкеңнің үйіне жол тартады. Жөн сұрасқан бойда бірден танып, қонағын бауырына басқан Сәкен Сейфуллин мәселені бірден шешіп бере қояды да: «Айналайын Кәдіркей, қорықпа, ертең ауылға қайта бер, ештеңе болмайды саған», – деп қонақтың бетін қайтармай, еңсесін көтереді. Мұнысымен қоймай Сәкең келген Кәдіркейге Алматының әсем жерлерін таныстырып, асханаға апарып тамақтандырып, тіпті кешке пойызына дейін шығарып салады. Сәкендей сұңқардың шарапатын көрген кейіпкер бір пәледен аман қалғандығын осылайша жеткізіп, қайран азаматтың жазықсыздан жазықсыз атылғандығына күйінеді. Бұл әңгімеден көретініміз Сәкен Сейфуллиннің қонақжайлылығы мен ақкөңілділігі, адамгершілік қасиеттері мен адалдығы, жайма-шуақ бет бейнесі екені анық. Автор осы қасиеттерді қазіргі жастардың бойына сіңіргісі келгендігі керек, әңгіменің бастауын Жақсыдан-шарапат деп бастап, қалың оқырманның көңіліне мұра етеді.

Ауылды асыраған аңшылар

 Енді бір әңгімесінде сол заманда ауылды асыраған аңшылар жайында сөз етеді. Өлкедегі Сімтік пен Қопабай атты батырлардың мықтылығын қазақ жастарына тәлім-тәрбие, өнеге тұсында жеткізе біледі. Әсіресе, Сімтіктің шөп шабыс уақытындағы шалғышылығы мен шапшаңдылығы, қайраттылығы мен өжеттілігі, оны өз елінің тізгінін ұстап отырған азамат деп танытады. Автордың атасы екі батырдың аңшылдық қасиетін қызық қуған аңқұмарлық емес, елдің амандығы мен тоқшылығын көздеген ерлердің бір кәсібі болатын деп түсіндіреді. Түсіндіре келе, екі дос арасындағы оқиғаны баян етеді.

Күндердің бір күні Қопабай "жүрегінің түгі бар» деп ел тамсанатын Сімтік досын бір сынап көреді. Сынға іліктірген досын жалғыз қалдырып, олжаларына арналған тұзды ұмытыптық деп, өзі әкеле қойайын деген ниетпен атына мініп кетіп қалады. Сімтік ұйқыға кеткен бойда, аю бейнесіне айналмақ болып, терісін жамылып, жолдасын үркітпек болады. Аюша ақырған Қопабай жолдасының мойнынан алып, бас салады. Сол мезет ұршып тұрған Сімтік аюдайын жолдасына дес бермек болған ниетпен құшағынан айбалтасын суырады. Сол-ақ екен батырға да жан керек деп, Қопабай: "Ойбай, Сәке, менмін ғой бұл! Қоңқабаймын!» деп жанұшыра айғайлап жіберген екен. «Өй, Қақа, сен ауылға, тұзға кетпеп пе едің? Түн ішінде неғып жүрсің-ей мұнда? Өй, ойнаған түріңе болайын!» деп мырс-мырс күледі дейді сабазын...

Бұл әңгімеден алатынымыз әрине біріншіден қайсарлық пен өжеттілік. Жалпы автордың мақсаты бұл проза аясында анық жеткізілген. Оның мақсаты қазіргі қазақ жігіттерін дәл осындай қасиеттерге баулып, оларды рухани даму жолында жеке тұлға атанып, биік белестерден көру.

Әрине, заманның ағымы және адамның тағдырлары сан қилы. Дегенмен де, рухани байлық ұғымы қай заманда болмасын биігінен көрінеді. Бұл мақалалардың негізі дүниеңмен бай болма, рухың арқылы бай бол дегенді саяды.

Қазақ әдебиетінің бас журналы атанған "Жұлдыз" бүгінде жасы бір ғасырға таяп қалды. Баспасөзіміздің қарашаңырағы саналатын бұл журналда біраз атақты қаламгерлеріміз өз жұмыстарының тұсауын кесіп, оқырманның ыстық ықыласына бөленген. Жоғарыда атап айтқан бір прозаның талдауынан-ақ, журналдың мәртебесі жоғары екендігін аңғаруға болады. Тарихта өзге басылымдардан өзгеше тынысымен ерекшеленген басылымның баяны осындай.