«Шолпан» «Таң» журналының ізбасары саналатын қазіргі «Жұлдыз» журналының өзге журналдардан танымдық әрі мазмұндық тұрғыда ерекшелігін аңғару үшін біршама санын оқып шықса жеткілікі.
«Жұлдыз» журналын өзге журналдан ерекшелей берем деген оқырманға айтар сөзбен,жазар сөз маржандары оңай табылады, әйткенмен көпшілікке ұсынылып жүрген бұл журналдың басты ерекшеліктеріне әдеби сарынын,тақырыптардың еркіндігін айтуға болады.Әр қайсысына жеке тоқтала кетсек,журналдық мазмұны жағынан журналды ерекшелейтіні оның әдеби болуы.Жай ғана әдеби әңгімелер шығарып қана қоймай,журналда жазылар мақалалардың,шығарылар туындылардың көп бөлігінің қазақ қаламгерлерінің туындыларынан алынуы. Журналдың «Проза» айдарында шығарылған Шәрбану Бейсенованың «Қызай ана», Ұзақбай Доспанбетовтың «қанды жол» Қуандық Шамахайұлының «Біздің бөлім» , Рамазан Тілеухановтың «Атамның әңгімелері» туындыларын оқып айта алады екенбіз.Сондай-ақ «Поэзия» айдарындада жазылған Мағиза Құнапияқызының «Жапырақтан тамады тұнық өлең», Рахым Балабиевтің «Ақсақ қыз тағдыры» туындыларын және өзгеде тұлғалардың қаламынан туған жауһарларын оқу арқылы журналдың әдеби тұрғыда ерен еңбек етіп жатқанын аңғару болады.Бұл – журналдың ең басты ерекшелігі! Одан бөлек журналдың ерекшелігінің қатарына тақырыптық еркіндігін қосар едім.Соңғы шығарылған «Сыр сандық» «Сыр сәулесі» «Жас толқын» айдарларын оқып,оларда жазылған мақалалардың тек бір тақырыпты ғана емес алуан түрлі тақырыптарды көтеретінін байқадым. Тек әдебиет әлеміндегі жаңалықтарды ғана емес,сондай-ақ қарапайым әлеуметік тақырыптардыда көтеретініне көзім жетті. Журналдың 2020 жылғы 16 наурызда жарық көрген «Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуінің толық мәтіні» мен
«Нұрлан Оразалин. Ұлтын сүюдің үлгісі» және «Ақеділ Тойшанұлы: Алып Шынар» мақалалары бір-біріне жақын тақырыптар емес,журнал тек проза,поэзия ғана жазып қоймай, ел президенттінің айтқан сөзін, патриоттықты насихаттайтын,өнеге беретін ақылға қонымды деректі материалдардыда жарыққа шығаруда.Бұл журналдың екінші ерекшелігі.
Қандайда бір журнал жарық көре бастағаннан соң,ол оқырмандарының алдында белгілі бір бейнеге айналады.Дәл сол сияқты «Жұлдыз» журналының біздің көз алдымызда оранған бейнесі әдеби жамылғысын жамылған халықтың жаршысы.Әдебиет десе,есімізге журналдардан бірден «Жұлдыз» журналы елестейді.Бұлда журнал үшін үлкен нәтиже.Қаншама әдебиет сүйер қауымға дәл осы журнал өзінің әдебиет әлеміне апарар жолымен алтын жол салуда,қара сөзге,жауһар тілге ғашық талай қазақ жастары осы журнал арқылы әдеби шөлдерін басуда.Журналда шығар туындылары азаймаса,оны оқыр оқырмандар азаймары сөзсіз!