Бүгінгі «Жұлдыз» журналының мазмұндық, тақырыптық ерекшелігі.

Еліміздегі ең байырғы бас әдеби басылым «Жұлдыз» өзінің атына лайық, 97 жылдық тағылымға толы тарихы бар журналдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, өнеріне сіңірген еңбегі қашанда өлшеусіз. «Жұлдыз» журналы қазақ публицистикасының бастауында тұрған «Таң», «Шолпан» журналдарының ізбасары ретінде жалғасып келеді. Әр жылдары өзінің атауын бірнеше мәрте өзгерткен бұл журнал, атауын ғана емес, мамзмұндық жағынан да дамып отырған. Атап айтсақ «Жаңа әдебиет», «Жыл құсы», «Әдебиет майданы», «Майдан», «Әдебиет және искуство» деген атаулармен шығып тұрған.

Журналдың алғашқы редакторы қазақ әдебиетін жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан, қоғамдық ой мен әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алған күрескер тұлға Сәкен Сейфуллин болған. Басылым материалдарының рухани бағыты мен мазмұндық мәнінің кеңеюіне қазақ әдебиетінің классиктері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов көп еңбек сіңірген.

Ал қазіргі таңдағы «Жұлдыз» журналы мазмұндық жағынан ғана емес, сапалық, тақырыптық, жаңаша дизайнымен ерекшеленіп, рухани жаңарып, толыға түсті. Өзінің оқырман тартар әр түрлі айдарларына ай сайын мазмұнды мақалалар мен шұрайлы көркем туындыларды жариялап тұрады. Танымдық хикаят пен көркем әдеби шығармалардың мән-мазмұны жағынан түсініксіз болып жүрген болса, сол көкейдегі сұрақтарымызға дәл осы басылымда жауап таба аламыз. Міне басылымның мақала мазмұндығы және тақырыптық ерекшелік тұсы да осыда деп түсінуге болады. Осы тұрғыдан келгенде журнал тарапынан жүргізіліп жатқан тың бастамалар оқырмандар тарапынан қолдауға ие болып келеді. Осылайша көрерменнің көзайымына айналуына «Жұлдыз» журналының айдарлары басты себеп деп білемін. Қазіргі таңда «Проза», «Поэзия», «Жас толқын», «Сырсандық», «Түрік дүниесі», «Сөз сәулесі» тағыда басқа айдарларымен тың дүниелер жарық көреді. Әр айдардың өзіндік ерекшелігі бар, дегенмен оқырман ретінде маған ұнаған айдар деп «Білім» айдарын айта аламын. Бұл айдарда да автор өзінің жеке ойын баса айтып, түрлі тақырыптар қозғалып, білім тақырыбының аумағындағы мәселелер мен тұрақты даму жайында сөз қозғалады. Атап айтсам, осы айдар бойынша «Жұлдыз» журналының 2020 – жылдың мамыр айындағы санында тілші Алтынай Тымболованың «Білім берудегі смарт және тұрақты даму» атты мақаласы жарық көріпті. Мақалада автор заман талабына сай елімізге смарт білімге қол жеткізу, смарт өмірді жақсарту, смарт мемлекетке айналу, смарт әлемді құру қажеттігін білдіреді.

«Қазір әлем смарт қоғам жағдайында өмір сүруге жанталаса ұмтылуда. Кез келген мемлекет томаға тұйық өздігінше дами алмайды. Сондықтан еуропалық университеттер «Смарт даму үшін смарт адамдар» атты Еуропалық университеттер қауымдастығын (EUA) құрды. Айталық, Нидерланд елі 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын «Жоғары экономика. Смарт-қоғам» деп атады. Австралия мемлекеті 2020 жыл: «Білім саласындағы революция арқылы ең күшті смарт-елге шығу жолында» күресіп жатыр. Корея болса SMART-оқыту = SMART-оқытудағы базалық жүйелі шешім мен ұлттық экономикалық бәсекелестікті нығайтудың негізгі әдіс-тәсілін қолдануға көшкен бірден бір ел.» - деп бүгінгі таңда жаңа қоғамға жаңаша көзқарас, жаңа өлшем керектігін тереңінен түсіндіріп, қоғамымызға өзгеріс керектігін баса айтады.

«Қысқасын айтқанда, жоғарғы мектептерде тиімді оқыту әдістемелерді және оқыту сапасын көтермей, Қазақстан басқа елдермен бәсекелес бола алмайды. Ол үшін, ең алдымен, ұстаздардың сапасын, мәртебесін көтеру керек. Оқу орындарында кәсіптік стандартты іс жүзінде игеру қажет. Сондай-ақ, білімгерлерге білімді қалай капиталға айландыру жолдарын үйреткен жөн. Себебі, біздің студенттеріміз шынайы өмірден алшақ, абстрактілі білім алып жүр.

Қорыта келгенде, дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз, – деп ұлы Абай айтқандай, ұлы даланымәңгілік етудің жолы ақыл мен ілім-білімде. Абайдың толық адам сипатын қамтитын «Ақыл – Таным – Ізгілік – Жетілу – Кемелділік» сынды ізгі қасиеттер бүгінгі өркениетті қоғамның ұстанымы болса, адаспаймыз деп ойлаймыз.» - деп автор ойын қорытындылап қазіргі таңдағы басты міндет жастарымыздың білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді игерген, елжанды, мемлекетшіл азаматтар ретінде қалыптасуына күш салып, ұлттық кодты бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу керектігін айтты.

Шынында да, болашаққа нық әрі ойланбастан қадам басуымыз үшін ең алдымен заман ағысына ілігіп, жастардың білімді, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болуы үшін жағдай жасалынуы қажет. Бұл жайында елбасымызда болашақтың жастардың қолында екендігін бірнеше мәрте айтып өткен болатын. Кемел болашақ құру үшін адамгершілік және зияткерлік қасиеттерімізді дамытып, заман талабына сай елімізге смарт білімге қол жеткізілуі қажет.

Ал, «Поэзия, проза» айдарларынжа көрнекті ақын-жазушыларымыздың өлеңдері беріліп, рухания байуымызға жағдай жасалынған. Сол сияқты «Әдебиет» айдарында түрлі көркем әдеби шығармаларды мән-мазнұны жағынанан талдау жасалынып, жеке көзқарас бойынша бағаланып жатады.

Осылайша «Жұлдыз» журналы жұмысын ширатқан сайын жаңа идеялар туындатып, әр жыл сайын мән-мазмұны мен сапасы жағынан ерекшеленуін тоқтатқан емес. Басылымның қазіргі жай жапсары осындай... Ғұмыры ұзақ, оқырманға берері тағылымды ойлары қашанда көп болғай!!!

 



Бөлісу: