Бүгінгі жауған қарды айтам-ау
блог
Бүгінгі жауған қарға таңғалдым әрі тамсандым. Сіңлімнің төбесінен жай түскендей болды. Кешеден бері жауған қарды қалыңдай түседі деп ойламады-ау, шамасы. Алдыңғы жылы алыс жолға шықтық. Күн жылы болғасын жеңіл киініп алғанбыз. Қайтар жолда боратып қар жаумасы барма. Көктемнің ерекшелігі де осы ғой. Әсіресе, алғашқы айы наурыздағы табиғаттың сан құбылуы таңғажайып құбылыс.
Бүгінгі жауған қарды айтам-ау. Нәп-нәзік талдарды орай түскен. Бәлкім, бұл қар - биылғы көктемнің соңғы қары шығар, бәлкім, бұл қар - қыс деген аппақ анадан қалған ашу, ыза, наз сияқты реніштердің соңғы ызғарын өшірер соңғы сызық шығар. Бәлкім, бұл қар - ... Бүгін тысқа бір- ақ рет шықтым. Аяғымның астындағы мамық қарлар борт-борт етеді. Тіршілік манаурап тұрғандай. Бір сәтке мынау аппақ дүниеге еніп, қыстың ұзақ түнінен өзгеше жауған ақ ұлпаны жастанып ұйықтағым келді. Айналаға қызыға қарап, ұзақ тұрдым. Сосын суретке түсіріп алдым.=))