Бүгінгі бойжеткен үрейі

Бүгінгі бойжеткен үрейі
жеке
блог

Неге қыз баласы өмірін қорқынышпен өткізуі керек?

Бүгінгі таңда қорланып жатқан қыздар туралы оқиға бастан асады,естімеген,білмегеніміз қаншама? Әр түрлі көрсеткіштер бойынша әлемде тек  8,4 % -дан 35% -ға дейінгі зорлау оқиғалары полицияда тіркеледі. Ал жәбір көрген адамдар әртүрлі себептермен болған оқиғаға арызданбайды. Яғни, олардың шынайы санын анықтау өте қиын. Қыздар өздеріне берілген қамшының сабындай қысқа өмірін қорқынышпен өткізетіні өкінішті. Бұл түсінікті “феминизмге” жауып,оның түпкі тамырын түсінбейтіндерге не дейміз?

   Феминизм — саяси, экономикалық, әлеуметтік және әйелдердің жеке құқықтарын кеңейтуге бағытталған бірқатар идеологиялар. Феминизмнің басты идеясы — қоғамның бүкіл саласында әйелдерге еркектермен тең мүмкіншіліктерді орнату. Яғни,феминизм еркектерге қарсы емес,тек әйелдердің құқығын белгілі бір дәрежеде қорғау. Ал бұл да түсініксіз болса,былай жеткізейін:

•Қалада түнделетіп жалғыз жүруден қорқамыз. Ит-құсқа жем боламыз деп емес,есі ауысқан еркектің жемтігі боламыз ба деп үркиміз. Зорланып-қорланса қоғам қызды кінәлайды.
•Таксидің нөмірін қарамай отырудан қорқамыз. Себебі сол еркектің ойы бұзылып,етегімізге жармаса ма деп шошимыз.
•Аталас азаматқа,тіпті туысқан еркекке өзімізді аманаттай алмаймыз. Тағдырымызға балта шаба ма деп қорқамыз.
•Тұрмыс құрмаған қыздар енді күйеуден де қорқатын болды. Талқандап теуіп,тәнімді табытқа сала ма деп күдіктенеді.
  Қыздың қорқынышын еркек атаулы түсінбейді.ЕШҚАШАН.Қыз баласын нәзік жанды,еркектің қисық қабырғасынан жаралған дейді. Ал енді нәзіктігін әлсіздікке балап басынғанша,қорған болып,сыйлау сол “түзу қабырғалардың” мойнында емес пе?

 Қорған дейміз,кімнен қорғайды? Еркектерден бе? “Өзгеден бұрын өзінен қорғасын”  дегің келеді осындай да. Қызыңды қорғай бергенше,бір сәт ұлыңа тәрбие бер. Мына қоғамда еркек атаулы нәпсісіне берік болғанда,қыздар қорықпай өмін сүрер еді. Қорған болуды бүгіннен бастаңыздар!