Бүгінгі әңгіме - тұрмысқа шығудан қай топ алда келеді?))

Иәәә, үшінші курстамыз!  Күн басталысымен-ақ бір ағам үшінші курс болып бой жетіп қалғанымды бір еске салып қойды. "Жігіт таба беру керектігін" де қоса айтты. )) Бір ойланып қалдым) Одан соң сабаққа келдім. Келсем, Кф-ның (Қазақ филилолиясы мамандығы)арасында "гу-гу" әңгіме. "Не дейді?", "Қоооо е..." "Қашан?" деген таңданыстарды көөөп естіп кеттім. Мұндай әңгіменің ұшы шығып жатқанда мен тыныш қалам ба? Сыбыс шығып жатқан жаққа құлақ түрсем, екінші топтан бір қызымыз күйеуге кетіпті. Білмеймін, қалай, қайтіп... Бастысы - елін тауыпты дестік)

Содан бір сабақта үш топ жиылушы ек. Бүгінгі күні қаралып жатқан -  осы мәселе. Лекция көшіріп жатсақ та, осының төңірегінен алысқа ұзай алмадық.  Сомен бір кезде сол екінші топтағы бір қызымыз бізге қарап ап: "Үшінші топ, сендер артта қалдыңдар! Әлі сендерден бір де бір қыз кеткен жоқ" деп қойып қалғаны бар ма? Итің жаман десе де намыстанатын қазақтың қызымыз ғой) Әжептәуір ұялып қалдық) Біздің топтың қыздары сөзден қалыссын ба? "Бізде жігіт жоқ емес, бар! Олар тек біздің оқуымызды аяқтағанымызды күтіп жүр" дедік айтысты бастап. Бұл жауапқа толатын көңілдері жоқ. "Дипломдарыңды күтіп жүр екен де..." деп тағы мысқылдады. Олардың қалдыңдар дейтіндей жөндері бар-тын. Үшінші курсқа шейін бір де біреуі тырп етпеген ҚФ-ның қыздарының көшін бірінші топтан Айнұр деген қыз бастаған. Топырлап жүріп группаластары тойын да өткеріп тастады. Артынша "тағы бір қыз ұзатылуға дайын жүр екен" деп естідік. Осы апта екен. Екінші топтан. Енді бір екі қыздың да буынып түйініп жүргенін айтып мақтанды екінші топ. Ал біз жақта тып-тыныш!))) Бірімізге біріміз "сен кет", "сен кет" деп жол беріп жүрміз біз өзінші. Тырп етер бір қыз жоқ әлі. Ал жігіттер жағы болса, "қайтесіңдер, жігіт іздей беріңдер!", "Төртінші курсқа дейін жігітіңнің болмауы -  нағыз трагедия" деді жақында бір дос жігіт. Ойпырмай дедім күліп)) Оның үстіне факультетте бір қадірлі әйел мұғалім бар ед. Соның биыл дәрісін тыңдағалы осы мәселені "проблемаға айналдырып" алдық тіпті)) Оқу қумай, тәуір күйеу тауып алыңдарға келтіреді ол кісі әңгімесін. Қай апай екені филологтарға белгілі болар) Қысқасы, осы аты шулы "проблема" қазір біздің арамызда жиі қозғалып жүр. Рас айтам, жатақханада да, сабақта да осы әңгіме. Туыстарға бара қалсаң да, бірі: "әлі ерте, асықпай қоя тұр", бірі: "Уақытың болды ғой, қашан күйеу баламен таныстырасың?" деп "жақсы" жаңалықтан дәметіп жүр. "Қыздың жасы қашан да он сегізде дегендей, ауыл жақтағылар үшін мен әлі сегіздемін)

еееее, солай)) 

суреттер мой мир мен бір сайттан алынды (есімде жоқ)



Бөлісу: