Бүгін соңғы күн...

Бүгін соңғы күн...
жеке
блог

Осы күн қашан келер екен деп күтіп жүрген едім. Міне, бұл күн де келіп жетті. Бүгін соңғы жұмыс күнім.

Енді әдеттегідей таң ертең тұра сала жұмыс деп асықпаймын.

Сабақпен жағаласып, жанталасып жүгірмеймін.

Кешіктім-ау деп уайымдамаймын.

Ертең қандай мақала жазсам екен деп қам жемеймін.

Кімнен сұхбат алсам болады деп ойланбаймын. Между прочем, бұл жұмыстағы нөмірі бірінші мәселе болатын. Ия!

Бүгін ешқандай кездесу не жиналыс болмай-ақ қойса екен деп тілемеймін.

Хе-хе жұмысқа не киемін деген сауалды қоймаймын.

Вообщем сол, айтайын дегенім бүгін соңғы жұмыс күнім.

Ха-ха мен азатпын!!! Еркінмін!!! Өз-өзіме бастықпын!!!

              еркіндік

Бірақ, білесіздер ме? Сол қарбаласқа әдбен үйренім қалыппын. Қуанғаным қайтейін, қимай қалдым. Сондықтан қазір бәрі кетіп қалса да, мен қайтпадым. Отырмын...

                 өкпе

Енді бөлмеге келіп әзіл айтып, шетімізден тисіп кететін Берік ағам да, мақалама сын айтып, дұрысын дұрыс, бұрысын бұрыс дейтін Шадияр бастық ағайым да, келіп жағдайымды сұрап тұратын үлкен бастығым Дәурен аға да , «Гүлжан мынаны қарашы» деп отыратын Ақбота да, «Шай ішпейсің бе?» деп үнемі сұрап жүретін Меруерт те, «Жандарым қалайсыңдар?» дейтін жылы жүзді Дина тәтем де, үнемі жайдары жүретін Құрал ағам да болмайды! Ия, солай...