Бүгін сенің туған күнің...

 

Адам баласының төл мерекесі саналатын туған күннің алатын орны ерекше. Оны жылда ата-ана мен туған-туыс арасында атап өту дәстүрге айналған. Бірақ, білім алуға өзге қалаға кеткеннен кейін оны жаңа достарыңмен бірге атап өтуге тура келеді. Дегенмен, пейілі кең, жүрегі жылы достарың мерекенің мәнді де сәнді өтуіне барынша тырысып бағады. Жүректен шыққан бөлмелес, көрші, группалас достарыңның ақ тілектері мен әсем әндері көңіліңді марқайтып тастайды. Бір сценарий бойынша жасалатын туған күннің басы тәтті торт пен жырдан шашылған шашу, ең бастысы-түңгі сағат 24*00-де достарыңның айқайлап-шулап құттықтауларымен бастау алады. Бірақ, бұл студент ханымдар мен мырзаларды еш жалықтырған емес. Жалықтырмайды да! Құрметті студенттер, жылда туған күннен туған күнге аман-есен жете беріңіздер! "5 минуттан" сатып алатын торттарыңыз ешқашан таусылмасын!



Бөлісу: