Қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні Христаның Рождествосы. Республикамызда бұл мереке ұлт пен дінге қарамайтын, Мұсылманның Құрбан айтымен қатар тойланатын мереке болып отыр. Алайда, ресми түрде бұл күнді демалыс ретінде жақын уақытта ғана жарияланған екен.
Бұл жазбада менің айтқым келгені, жыл сайын орыс немесе басқа да христиандық ұлт өкілдерінің осы мерекені тойлайтындарын, соған дайындықтарын көреміз. Көпшілік үшін бұл не үшін және қалай тойланатыны қызық деп ойлаймын.
Биыл Рождество мерекесі 2015-ші рет аталып өтпек. Яғни, Иисус Христаның дүниеге келген күнінен. Осы оқиғадан мейрамның атауы да шығады: Христаның туылғаны – Рождество Христова.
Рождествоның тойлану тарихын толық шолмай-ақ қойғанымыз дұрыс болар... 2015 жыл, ХХІ ғасыр бойы тойлану эволюциясы сізді толғандыра қоймас. Сондықтан, бүгінгі ерекшеліктерін атап кетелік.
Шындығында, біздің қазіргі «Жаңа жыл» мерекесі Рождествоның өзі екен. Яғни, жаңа жылдық атрибуттар. Кеңес дәуірінде Рождество басқа да діни мейрамдар тәрізді мемлекеттік деңгейде өткен. «Рождестволық» шыршалар, сыйлықтар, тағы да басқа осымен байланысты дүниенің барлығы мейрамның негізгі атрибуттары. Кеңес дәуірі құлағаннан кейін де бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді – «рождестволық» нәрсенің барлығы да «жаңа жылдық» символ. Осы жазбаны зерттей отырып, ойланып кеттім...сонда жаңа жылда біз Рождествоны тойлаймыз ба?
«Русская семерка», яғни, Рождество туралы 7 қызықты фактілер:
Тұңғыш христиандық: алғашқы христиандықтар Христа Рождествосына ешқандай құрмет білдірмеген, тек қана Пасханы тойлаған. Кейіннен христиандық қоғамдастықтар 6-қаңтарды – Құдайдың пайда болуын (Богоявление) да тойлайтын болған. Күнтізбені анықтау: Евангельдік жазбаларды күнтізбенің пайда болуы туралы нақты деректер кездеспейді. Дегенмен, 221 жылы жазушы Секста Юлия Африканның қыстағы күн тұтылуымен байланысты алғашқы мәліметтер шыққан. Статус: Православия мен католиктер үшін бұл «Воскресения Господня» мерекесінен кейінгі үлы мейрам. Тойлау: Рождество алдын ала 5 күн, одан кейін бөлек 6 күн тойланып, ол «Обрезаня Гоподня» мерекесімен аяқталады. Православиялықтарда бұл күн Жаңа жыл мерекесімен тұспа-тұс келеді екен. Вифлеемдік жұлдыз. Ол туралы ерте кездерден-ақ түрлі пікірлер, болжамдар болды. Бірі оны құйрықты жұлдыз, екіншісі планеталардың бірігуі деді. Тіпті, қазіргі астрономдар да осыны анықтауға күш жұмсауда. Дегенмен, соңғы тұжырымдарға сүйенсек, бұл жұлдыз б.з.б. 3 жылы туған екен. Бақсылар сыйы. Аңыз бойынша бақсылар алтын – Иисустың билігін, қарамай - ұлылығын, тыныштық(смирна) – кресттегі келер ажалын сыйлаған. Және осы мерекеде сыйлық сыйлау осы аңыздан қалса керек. Мерекелік сәлемдесу. Бірі бірімен былай амандасады екен: «Христос туды!» (Христос родился!) , оған жауап «Оны мадақтаймыз!» (Славим Его!)