Мен онымен бала күнімде бірге өскен жоқпын. Тіпті, 11-ші сыныпқа дейін оның бұл өмірде бар екенін де білген емеспін. Өмірдің ағысымен осындай адамды кездестіремін деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Өйткені, мен оны мүлде танымайтынмын. Шырайлы қала Шымкентке оқуға түсер алдынғағы дайындыққа барғанмын, 11 сыныпта. Бір шаңырақ астына бүкіл өңірден қазақтың қара домалақ ұлдары мен қыздары жиналды. Бірімізді-біріміз танымаймыз. Тек жанымызға еріп барған оқушы құрбыларымыз бен достарымыз болмаса.
Міне, сонда жүріп мен онымен таныстым. Өзі жайдары, аңқылдақ қыз көзге бірден көрінеді. Біздің топтың басшысы да өзі болды, көптің қалауымен. Ол мені сонда-ақ баурап алған өзіне. Барлығымыз бірнеше айдың көлемінде бірге жүрдік, оқыдық, бірақ барлығымыз әлі күнге дейін керемет қатынаста араласамыз деп айта алмаймын. Сәлеміміз түзу, әйтеуір. Бірақ, сол баршаның ішінен менің қарым-қатынасым үзілмеген жан, мен сөз етіп отырған ақкөңіл қыз -Балнұр.
Бүгін оның туылған күні. Мен әрине құрбыма тек жақсылық атаулыны тілеймін. Оның ұзақ ғұмыр кешкенін қалаймын. Әлемде бақытты болуға лайықты жандар болса, соның бірі - Балнұр.
Сөз арасында айта кетейін, ол бүгінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің үздік 4 курс студенті.