Бүгін менің туған күнім. Ой бәле-ай! (байқау)
блог
Жаз. Ыстық жел.Тамыздың тамылжыған ыстық күндері. Шілдені артта қалдырып,тамыз да келіп жетті. Тамыздың төртінші жұлдызында күтпеген жерден Марат пен Оразгүлдің өмірінде үлкен бір қуаныш орнады. Ол қуаныш– «Наргиз» есімді кішкентай нәрестенің дүниеге келуі еді. Бар болғаны анасының құрсағында 6,5 ай болған Наргиз өмірге ерте келген еді. Бұл сәби сонау Димаш атамыз кірпішін қалаған Қапшағай қаласында 2000 жылы, таңғы намаз уақытында дүниеге келген. Дүние есігін ашқан сәттен-ақ, ата-анасы бір ерекшелігі бар екенін байқап қояды.Дүниеге келген бұл сәбидің есімін анасы "Әдемі" деп қойғысы келген болатын. Сол сәтте дәу мамасы батыр болса екен деп «Нарқыз» деп қояды.Нарқыз бар болғаны 7 айлығында жүріп кетеді. Ерекше екендігін осыдан-ақ байқасақ болады.
Бүгін қасиетті жұма. Биылғы туған күнім күндердің сұлтаны жұма күніне келіпті. Мен өзімнің қуанышыммен Массагет оқырмандарымен, яғни Сіздермен бөліскім келді.Ең алғаш дүниеге келген сәттен-ақ өмірге ғашық едім.Шыр етіп дүние есігін ашқан сәтте,бір адамға ғашық болдым.Ол–ана!Өмір сыйлаған ата-анама мың алғыс.
Ешқандай сыйлықтың керегі жоқ, Сыйлық ол–бақытты өмір ғана... Өмірді сүру үшін жаралғанмын ! Мына өмірден күнде нәр аламын.
Сыйлық демекші, лайктарыңызды басып, комментарийлеріңізді жазып қойыңыздар!!! Бүгінгі таңда армандаған жоғарғы оқу орнымның грант иегері атану. Ата-анамның мақтанышы болу. Осы емес пе ең басты сыйлық?! Ата-анамның қуанышын көру ғой...
Мұқағали атамыздың мына өлеңімен аяқтайын осы блогымды.
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін»,- демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.
...Тойланбаса тойланбасын,
He етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...