Бүгін керемет күн!

Иә, сенсеңіз де, сенбесеңіз де солай болады. Бүгін Анамның туған күні! 55 жасқа келіп отыр! Ауылдағы анамды сағынып жүргенім... Кім қалай айтса да, Мұқаңнан асып өлең арнаған адам жоқ шығар... Ана, сен бақыттысың!

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

Мұқағали Мақатаев



Бөлісу: