Бүгін ЖҰМА

Бүгін  ЖҰМА
жеке
блог

Асқармен жолда кездескенімде азан шақырылып жатыр еді.
– Бүгін жұма, білесің ғой. Сені мешітке апарайын, – дедім.
Бұдан бұрын да бірнеше рет өтінішімді қабылдамаған болатын. Сондықтан ол:
– Менің мешітке бармайтынымды білесің ғой, – деп асыға-үсіге жауап берді.
– Білемін, бірақ бармауыңның себебін білгім келеді.
– Қайдан білейін, әйтеуір барғым келмейді де тұрады. Қысқасы, ол жаққа тартпайды. Бәлкім, араласып жүрген айналамдағы адамдардың да әсері бар шығар. Оның үстіне шалбарымның қыры бұзылып, тізесі шыға ма деп қорқам.
Мен болсам таңғалған бойда:
– Қалжыңдап тұрған шығарсың? Шалбарымның қыры бұзылады деп мешітті тастауға бола ма?
– Шынымен айтып тұрмын, – деді. Киімдеріме қатты көңіл бөлем әсіресе ақ түсті киімді қатты ұнататынымды білесің ғой.
Шынымен солай еді. Үнемі шырттай киініп жҥретін. Қашан көрсең де киген киімдері ақ түсті, қыры пышақтың қырындай болатын да тұратын.
– Жарайды, өміріңде бір рет болса да мешітке бардың ба?
– Бала кезімде атаммен бір-екі рет ілесіп барғанмын. Бірақ мұнан кейін мүлде бармайтын шығармын, – деп жауап берді.
Айтқан жауабынан қатты шошындым. Тіпті бҧл тақырыпты қозғағаныма өкіндім. Сөйтіп, бір-бірімізбен қол қысысқан бойда өз шаруамызбен кете бардық.
Осы кездесуімізден екі айдан кейін, оның бүгін мешітке келгенін естіп, қатты таңғалдым. Дереу апылғұпыл мен де мешітке келіп жеттім. Тіпті, мешітке мүлде бармайтын шығармын деген жолдасым мешіт сыртындағы намаз қатарларының ең алдынан орын алыпты. Міне, бүгін де үстінде сол баяғы үйреншікті ақ киімі. Тіпті, бұгін мүлдем ерекше.
Ақырындап қасына жақындадым да, сыбырлаған бойда:
– Қане, мешітке мүлде бармайтын шығармын деп едің ғой, – дедім.
Еш жауап қатпады. Өйткені ол табыттың ҥстінде ақ кебінге оранған күйде жатқан-ды. Жұрт жаназасын шығаруға жиналыпты.

Қ.Жолдыбайұлы, Ақиқат шуағы

Жұма қайырлы да берекетті болсын ағайын (Жұма намазы Алматы қаласы мешіттерінде сағат 13:30да оқылады)

Алматы қаласы намаз уақыты  13.01.2012

 Таң      Күн    Бесін     Екінті     Шам    Құптан  

 6:43    8:23    13:03    16:00    17:48    19:12