Бүгін "Жасыл қырат жақта" мереке!

Бүгін "Жасыл қырат жақта" мереке!
жеке
блог

Қазақ интернетінің таңшолпаны,  қашанда игі істердің бастауында жүрген, қазақ блоггерлерінің алғашқы қарлығашы Анар Мұстафинаны дүние есігін ашқан күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Сіздің массагеттіктердің ұстазы, дұрыс жол көрсетер көшбасшысы деп білеміз! Сізді әрдайым үлгі тұтамыз!

Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек сізге ғана арналсын!



Әлемнің барлық жақсысы мен тәттісіне лайықсыз! Жаныңызға жылылық, жүрегіңізге ұлылық берсін!


Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып, баршамызға сыйлы, сүйікті, қадірлі болып жүруден шаршамаңыз!

Болашағыңыз жарқын, күндеріңіз көңілді, ғұмырыңыз ұзақ, махаббатыңыз ләззатті болсын!


Қашанда Қазақ дейтін қара ормандай халқыңыздың ай маңдай аруы болып, аман жүргейсіз! 

Еңсеңізді түсіретін мұң-қайғыға "қабырғаңызбен" төтеп беріп, жамандықты жаныңызға жолатпаңыз!


Әлемде жеті керемет бар дейді, сегізінші керемет - махаббат! Махаббаттарыңыз мәңгі болсын! Бірнеше бөбектердің аяулы анасы атануыңызды тілейміз!


Сізге қазақ интернеті, қазақ жастары, массагеттік қауым қарыздар және сізді жақсы көреміз!