Бүгін Головкиннің шаңырақ көтерген күні!10 жыл!

Бүгін Головкиннің шаңырақ көтерген күні!10 жыл!
жеке
блог
Бүгін!
 
Бокс жолында өз ізін тасқа жазғандай сақтай білген жеңілмейтін қазақ - Генадий Головкиннің шаңырақ көтерген күні!
 
    Он жыл бойы нағыз боксшының жанынан табыла білген ақылына көркі сай ару - Алинамен 2000 жылы атақты қазақ боксшысының тойында танысыпты.Бұл кезде Генамыз Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасының мүшесі болатын.
 
   Осылай екеуі жеті жылдан соң үйленіп, той күнін үйлесімді түрде 07.07.07 деп сақтады да, өмірге Вадим есімді нардай ұлды әкелді.
 
  Кәсіпқой бокстағы бар қадамдарына қолдау білдіре отырып, бақытты отбасын сақтай алған Алина аруымыз құрметке лайық!Қазірде он жылдық отбасы иелері Германияда өмір сүріп жатыр.
 
  Бар жасаған қадамдары оңынан болып, ғұмырлары ұзақ болғай!
 
  Бокстың айрықша жанкүйері ретінде әрі Генаның жанкүйері ретінде үлгілі отбасыға шын жүректен өшпеш махаббат пен сарқылмас бақыт тілеймін!
 
  Жаратқан бір жастықта қартаюды нәсіп етсін!
 
  Ал жұдырығы шойындай боксшымызға алдағы Сауль "Канело" Алвареспен өтетін шаршы алаңдағы айқаста жеңіс тілейміз!