Бүгін блог жазғым келді

Бүгін блог жазғым келді
жеке
блог

Көптен бері блог жазғым келіп жүр, бірақ не туралы өзімде білмеймін... Әйтеуір бір пост жазуым керек.. Жақында кітап оқыдым, кітап деген өзіне адамды кәдімгідей тартады ғой, қызықққаным сонша 130 беттік әңгімені 2 күнде оқып тастадым, ол мен үшін бір жетістік) Кітап оқуға кеңес берем)  интернетке тәуелді емес адам кемде кем шығар, менде сондайдың бірімін, қалай құтылуға болады екен одан( сол интернетте оқып жүріп ұнатқандарым

Біреудің жасаған сатқындығы - қолыңызды сындырғанмен бірдей. Оны кешіруге болады, бірақ қайта құшақтай алмайсыз

 Ертеңге дейін, — деп ойладым мен, — ертең бақытты болам... Мен ертең бақытты болам! Бақытта ертең деген болмайды; кеше де болмайды; ол өткенді есте сақтамайды; болашақ жайлы ойланбайды; бақытта тек қазіргі кез ғана бар, ол бір күн емес, тек бір сәт қана.

Сіз қандай да бір тамаша күнде ұлы дүние жасамақшы болсаңыз, есіңізде болсын сол тамаша күн БҮГІН!!!

Кездейсоқ кездесулер болмайды. Олар не сынақ, не жаза... немесе тағдырдың сыйы

Әкең жаныңда болғанда саған кімнің қарсы шыққандығы маңызды емес ;)

Мен өмірімнен өз қалауымен кеткен адамдарды қайтадан өміріме араластырмаймын.

Барлығының арманы бар. Бірақ ол жоқшылық пен молшылықтың аясында жылтылдап қала береді

 Таң қаламын қазақ бола тұра "я не знаю казахский язык" дейтін бауырларыма !

Жер әлеміндегі барлық науқас сәбилеріміз жазылып кетсінші.