БҮГІН...

БҮГІН...
жеке
блог

Бүгін өзіңсіз өткен екі күнді ойға алып, өзімше қорытынды жасап отырмын. Ия... Сен әрине, әлі ештеңе түсіне қойған жоқсың, білем... Өйткені өзім сол қарғыс атқыр смс-ті жазып жібергенмін. Содан бері үнсізсің... Өзің бірінші қадам жасауға менен бата алмай жүргеніңді де білем. Жаным.. Сені екі оттың ортасына салып қойғым келмеді. Түсінерсің.. Мүмкін түсінбессің... Кіналарсың.. Жо-жоқ, сен мені ешқандай жамандыққа қимайсың ғой, оны да білем...

«Жаан.. сені калай сағынғанымды білсең ғойй» деген хатың келді бүгін. «Мен де» дедім. Іштей.  Мен де.. Сені сағындым. Ешкімге сездірмей ғана. Сағым боп жаныңды алыстан бақыладым мен. Болды.

.. ия.. мен- ақымақпын. Ақылды болып көрінетін, өзінше ой қорытып, өзінше бір қимылдарға баратын ақымақпын.

Әнебір ән бар еді ғой: «Қоштасып алып кете алмай жүрмін» деген... Жааныыымммм! Мен де қазір дәл сондай күйді басымнан кешіріп жүргенімді сезер ме ең?! Өзіңсіз өткен екі күн... екі мың жылға айналып, жанымды жегідей жейтінін білгенімде.. Туу.. Өзіңе айтар әңгімемді айдаладағы желге айтып, жапырақтарға өлең оқып... Ел мені «қияли» дейді. «Ақын ғой, сосын осындай» деп жұбанады анам.. Менің халімді көріп. Қайдаан... Менін ішімде саған деген зоооооррр сағыныш жатқанын ұғар ма олар... Амал нешік?! Енді өзіңнен іштей кешірім сұрап, тілеуіңді тілеп қана жүру қалды маған. Сағындым... Сәлеммен.. Мен