Будақ-будақ-будақ бұлт, Ой-шыңыма қонады (Жұмекен Нәжімеденов)

БУДАҚ БҰЛТ

Көк сүт-аспан, сыпырылып қаймағы 
біздің жаққа ауған-ау: 
будақ-будақ-будақ бұлт 
қонып жатыр тауға анау.
Қиял кезіп тау қойнын, 
Мен келемін сай-жырамен бұлтақтап. 
Қиял көзі бара жатыр қарығып – 
шыңдар әппақ, бұлт әппақ.

/Жұмекен Нәжімеденов/

Осыған дейін, құрметті Достар, "күндерім" мен "гүлдерімнің" сүгіреттерімен бөліскен едім. Енді бүгін мұрағаттағы "бұлттарымды" көрсеткім келіп тұрғаны. Олар да ренжіп қалмасын. Әр уақытта әр жерде түсірілген бұлттарды жинап едім, осындай кішігірім "көрме" пайда болды. Енді бұлттар сөйлесін. (Көкке ұмтылып, ұшқым келе беретінін осыдан байқауға болатындай. Тіпті өзіме өзім жаңалық аштым кейбір сүгіреттеріме қарап... ) 

Алматы. Горький саябағы. Анау үлкен домалақ ше, қаланы төбесінен көруге болатын ше... сонымен көтерілген сәтте... Алматы алақандағыдай. Титтей болса да көкке жетіп қалдық...

Тоғызбұлақ. Жазда бұршақ жауғанда. Табиғат тамаша!

Тоғызбұлақ. Сөз таба аласыз ба осы сұлулыққа?)

Алматы. Думан. Не нәрсеге ұқсаттыңыз?

Тоғызбұлақ. Сұлу емес пе?!

Алматы. Думан. Керемет!

Алматы. Думан. Анаау бұлтқа мінгім келіп....)

Ауылға бара жатқанда. Торайғыр тауы, ұмытпасам. Саф таза ауа!

 Тағы да, Торайғыр тауы, ұмытпасам. Қанық түстер!

Ауылға бара жатқанда. Тау арасы... Табиғатқа тең келері жоқ.

Бұл да ауылға бара жатқанда... Терезеге телміріп қалушы ем, кекілімді желге тосып...

Ауыл жақтың жазығы... Әлгі қара атпен армансыз шапқылайтын "жазығым"...

Қателеспесем, Кегеннің тауы. Жанартау атқылайын деп тұрғандай, иә?)

Мен құштар көк аспан атты "елді-мекені..." Сұр бұлт пен аппақ бұлттың шайқасы...

Бұл да мен ұмтылған көк аспан атты "елді-мекені..." Ол жерде де қызу жанталас болып жатқан сәт.

Сарыжаз ауылынан өтіп бара жатқанда. Нарынқолға беттеген ек... Аллахтың құдыретіне таңданбассың қалайша?

Нарынқолға бара жатқанда. Райымбек бабаның ескерткіші бар жерден түсірілген. Бар даусыңмен айғайлағың келеді осы жерде...

Ауыл арасы. Жазықтан ауылға бара жатқанда. Табиғат өзі сүгіретші... 

Созсам қолым жетпейтін көк аспан атты "елді-мекені..."

Әй, осы Думан ғой деймін. Алматы. Қалайша ғашық болмайсың, айтшы?

Бұл есімде! Ауылда! Таңғы бестер шамасы, сиыр саууға тұрғанмын, сөйтіп, осындай кереметтің куәсі болғанмын... Қызарып тұрған бұлттарды айтсаңшы... Керемет!

Жерден жерінгенде ұмтылатын мен құштар көк аспан атты "елді-мекені..." Шексіздік.

Бір сәт құс болуды аңсағанда мен құштар көк аспан атты "елді-мекені"...

Суретші болсам, тек осыларды салар ма ем... Олар да әртүрлі... адамдар сияқты...)

Әр жерге түтілген жүндей...

Думан. Тырналар қайтып барады. Мен де ілесіп бірге кеткім келген...

Бала кезде анаааау сияқты бұлттардың үстіне отырсаң, жұмсақ шығар, рахат шығар деп ойлаушы ем. Қазір де солай ойлағым келеді...

Қытайда да бұлт бар екен, деп па...)

Меніңше, әлдебір үйлесімділік бар, ә? Қытайдан естелік.

Қытай. Универдің спорт алаңы жағы. Анааау бұлтты көріп, Алматы есіме түсіп кеткен еді сол кезде дәл осы көріністі бірнеше мәрте түсіріппін... бұлт көрмегендей... ) Қалай көкке ұмтылмауға болады осыдан кейін?

Нарынқол жақтағы Абай ауылында. Әншейін көріністен жаурап кетесің... Дегенмен, әдемі.

Сұсты, иә?

Біртіндеп ашылып, тарқап келеді...

Тіпті көк аспан да көріне бастады...

Алматы. Думан. "Ұшқыш тәрелкенің" ыдырауы...)

Ауылға бара жатқанда. Анаууу бұлтты қуалап барған ем...

Сәл жақындаған сайын... Күн шыққанша, тарқап кетті...ғой...(

Іштеріңіз пысып кетсе, айып етпеңіздер. Назарларыңызға көп рахмет!

Келесі кездескенше! ))

Н.ғ.: ...табиғатпен дос болайық...) (көкке ұмтылайық)...



Бөлісу: